Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection
Басты бет Жаңалықтар

Жаңалықтар

Іздеу...
Hronika.kz журналисі Ольга Вороньконың дөңгелектерін тіліп, көлігіне зеленка шашып кетті

Павлодарда 2 қыркүйекке қараған түні Hronika.kz журналисі Ольга Вороньконың дөңгелектерін тіліп, көлігіне зеленка шашып кетті. Басылымның хабарлауынша, сол түні Павлодардағы тағы бір веб-сайт редакторының пәтерінің құлпы бүлінген.

3 қыркүйек 2026
Арман Қырықбаев ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды

Арман Қырықбаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі қызметіне тағайындалды. Оның кандидатурасы бұған дейін ҚР Құрылтайының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде мақұлданған.

3 қыркүйек 2026
Elmedia редакцияның Instagram парақшасына авторлық құқықты бұзу туралы шағымдармен жаңа шабуыл жасалғанын хабарлады

Elmedia редакциясы Instagram-да авторлық құқықты бұзды деген шағымдардан кейін материалдардың тағы бір топтамасы өшірілгенін хабарлады.

Басылымның мәліметінше, 1 қыркүйекте кәсіпкер Александр Машкевич туралы, Назарбаевтар отбасының активтері, қаржы полициясының қызметі және Гүлжан Ерғалиеваның отбасына жасалған шабуыл туралы эфир материалдары шектеуге ұшыраған.

3 қыркүйек 2026
Жанна Байтелованың Facebook-тегі аккаунтына бұғат қаупі төнді

Журналист Жанна Байтелова Facebook желісінде авторлық құқықты бұзды деген шағымнан соң материалдар өшірілгенін хабарлады. Енді оның аккаунтына бұғатталу қаупітөніп тұр. Байтелова тәуелсіз БАҚ пен журналистерге қысым туралы және басқа дақоғамдық маңызы бар тақырыптарды жазады.

1 қыркүйек 2026
Құрылтай депутаттарына үндеу

Қауіпсіздік ережесін журналистік қызметті шектеу құралына айналдырмауға шақырамыз.

«Құқықтық медиа-орталық» қоғамдық қоры, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қоры, MediaNet халықаралық журналистика орталығы, Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық бюро Қазақстан Республикасы Құрылтайы ғимаратындағы журналистердің жұмыс тәртібінің өзгеруіне алаңдайды.

1 қыркүйек 2026
Динара Егеубаева жол-көлік оқиғасын тергеу созылып кеткенін мәлімдеді

Қазақстандық журналист Динара Егеубаева өзінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасын тергеу созылып кеткенін хабарлады. Ол мұны өзінің кәсіби қызметімен байланысты болуы мүмкін, дейді.

1 қыркүйек 2026
Өз сұрағыңызды қойыңыз