Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection
Басты бет Жаңалықтар

Жаңалықтар

Іздеу...
Құрылтай әкімшілігі Ulysmedia-ға Каспийдегі қайғылы оқиғаға қатысты сұрақтардан кейін ескерту жасады

Ulysmedia.kz басылымына журналист Әсем Ғұмарованың Каспий теңізінде қаза тапқан 14 әскери қызметшіге қатысты қойған сұрақтарынан кейін Құрылтай әкімшілігі ескерту жасады. «Регламентті» тағы да бұзған жағдайда, журналист алты айға аккредитациядан айырылуы мүмкін.

7 қазан 2026
Журналистерге мемлекеттік органның регламентін бұзғаны үшін аккредитациясынан айырылу қаупі төнді

Соңғы аптада кемінде екі қазақстандық журналист мемлекеттік орган белгілеген БАҚ-қа қатысты регламентті бұзғаны үшін ескерту алды. Солардың бірі Ulysmedia.kz тілшісі Әсем Ғұмарова. Ол Құрылтайдағы брифингтің тақырыбына қатысы жоқ сұрақ қойғаны үшін ескерту алды

6 қазан 2026
Журналистер мен БАҚ атын жамылған жалған қоңыраулар: не істеу керек?

Қазақстандағы журналистерге Telegram желісінде өзін белгілі журналист пен БАҚ редакциясы ретінде таныстыратын аккаунттардан қоңыраулар түсе бастады. Олардың арасында «ҚазТАГ редакциясы», Динара Егеубаева, Вадим Борейко, Әмір Қасенов және басқа да есімдер бар.

2 қазан 2026
«Ешқандай қоңырау шалынған жоқ»: ІІМ Каспийдегі қайғылы оқиға туралы жазбаларға байланысты қазақстандықтарға қысым көрсетілгенін жоққа шығарды

Қазақстан ІІМ қызметкерлері әлеуметтік желі қолданушыларына Каспийдегі әскери қызметшілердің қаза табуына қатысты жазбаларды өшіруді талап етіп, қоңырау шалмағанын мәлімдеді.

1 қазан 2026
Белгісіз біреулер NEGE Telegram-арнасының клонын жасады

NEGE редакциясы Telegram-да басылымның ресми арнасын, безендірілуін, мақалалары мен бекітілген хабарламаларын қайталайтын жалған арна пайда болғанын хабарлады.

1 қазан 2026
Белгісіз біреулер Динара Егеубаеваның атынан жалған ақпараттар таратуда

Журналист Динара Егеубаева өзінің аты мен фотосуретін пайдаланып, жалған ақпарат тарататын бірнеше фейк аккаунтта жазба пайда болғанын хабарлады.

30 қыркүйек 2026
Өз сұрағыңызды қойыңыз