Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection
Басты бет Жаңалықтар

Жаңалықтар

Іздеу...
Алматыда құрылыс компаниясының журналист Вадим Борейкоға қарсы соты қайта жалғасты

Алматы қаласының Бостандық аудандық сотында «Etude-Ybyrai» ЖШС құрылыс компаниясының журналист Вадим Борейкоға қарсы іскерлік беделін қорғау және залал өндіріп алу туралы арызын қарау қайта жалғасты. Журналистің қорғаушылары іс аясында жүргізілген филологиялық және экономикалық сараптамалардың қорытындыларымен келіспеді.

22 қазан 2026
4vlastinfo бас редакторы қудалауға ұшырағанын айтып, президент Тоқаевтан араша сұрады

4vlastinfo ақпараттық порталының бас редакторы Мадина Жатқанбаева Түркістан облысында бюджет қаражатының жұмсалуына қатысты журналистік зерттеу жариялағаннан кейін қысымға ұшырағанын мәлімдеді. Айтуынша, оған қарсы сотқа екі арыз түскен. Ал полиция әкімшілік хаттама толтырған. Журналист хаттаманың заңдылығына дау айтып отыр.

21 қазан 2026
40 журналист Құрылтайдағы брифинг өткізу ережесін өзгертуді талап етті

Қазақстан Құрылтайына аккредиттелген 40 журналист палата төрағасы Айбек Дәдебайға ұжымдық үндеу жолдап, брифинг өткізу ережесін қайта қарауды талап етті. Олар іс-шараның жарияланған тақырыбына қатысы жоқ сұрақтар қоюға тыйым салуға қарсы. Бұл туралы Otkir Kurek басылымы хабарлады.

21 қазан 2026
«Әділ сөз» қоры журналистерге арналған чат-бот әзірлеу жұмысын бастады

Digital Action Lab бағдарламасы аясында «Әділ сөз» қоры өңірлік журналистерге арналған чат-бот әзірлеуге кірісті.  Жобаның мақсаты - журналистерге қажетті ақпаратты жылдам табуға, құқықтары бұзылған төтенше жағдайларда практикалық нұсқаулық алуға көмектесу.

15 қазан 2026
Қазақстанда заңдар қудалау құралына айналып барады

13 қазанда Варшавада өткен ЕҚЫҰ конференциясында «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Назира Дәрімбет сөз сөйлеп, Қазақстандағы журналистерді қылмыстық қудалау мәселесін көтерді.

14 қазан 2026
Назира Дәрімбет: «БАҚ-тың өзін-өзі реттеуі цензураға айналмауға тиіс»

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Назира Дәрімбет Бішкекте өткен ЕҚЫҰ-ның жыл сайынғы Орталық Азиядағы медиа конференциясында сөз сөйледі. Медиаэтика мен өзін-өзі реттеу мәселелеріне тоқталған ол: бұл тетіктер ерікті әрі мемлекеттен тәуелсіз жүзеге асырылғанда ғана журналистиканы нығайтады, деді.

10 қазан 2026
Өз сұрағыңызды қойыңыз