Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Журналист Айжан Әуелбекова жазбасына байланысты полицияға шақырылды

10 қыркүйек 2026

Таразда журналист Айжан Әуелбекова ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабы бойынша — жалған ақпарат пен заңға қайшы контент таратқаны үшін әкімшілік хаттама толтыру мақсатында полицияға шақырылды.

Бұған журналистің Отар ауылының маңында көмекке мұқтаж болуы мүмкін адам (журналистің қолына түскен ақпаратта ер адам құлдықта екенін айтқан) туралы жазбасы себеп болған. Әуелбекованың қолында әлгі адамның видео, аудиохабарламасы, геолокациялық деректері болған. Осыдан кейін ол полиция мен прокуратураға жүгінген.

Журналист қылмыс жасалды деп айтпағанын, тек тексеруді қажет ететін жағдай туралы хабарлағанын айтады.

Әуелбекованың айтуынша, өзін жауапкершілікке тарту мәселесіне негіз болатын арызбен және материалмен осы уақытқа дейін таныстырмады, дейді.

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры мұндай жазбаны бағалау кезінде ондағы тұжырымға, ақпарат көзіне және журналистің мәліметті тексеру мақсатында жасаған әрекеттеріне назар аудару маңызды, дейді. Қоғамдық маңызы болуы мүмкін жағдай туралы хабарлау автоматты түрде жалған ақпарат таратумен теңестірілмеуге тиіс.

Өз сұрағыңызды қойыңыз