«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры Гүлнәр Бажкеноваға шығарылған сот үкімінің мәтінін мұқият зерделеді. Үкімде пәтерлерді сату кезіндегі заңсыз кәсіпкерлікке қатысты бір эпизод, көрінеу жалған ақпарат таратудың сегіз эпизоды және «OrdaMedia.kz» ЖШС қаражатын иемдену мен ысырап етуге қатысты бір эпизод қарастырылған.
20 тамызда алматылық журналист әрі блогер Данияр Наурыздың Instagram аккаунты бұғатталды. Автор парақшасында спорт, мәдениет, қоғамдық-саяси және т.б. түрлі тақырыптарда материалдар жариялаған.
«Шекарасыз тілшілер» (RSF) халықаралық ұйымы тәуелсіз ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас директоры Асет Матаев пен бас редакторы Әмір Қасеновқа қатысты сот процесін зерттеген материалын жариялады.
Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) өз сайтында Қазақстандағы парламент сайлауы қарсаңында журналистерге жасалып жатқан бұрын-соңды болмаған қысымға баға берген материал жариялады. Халықаралық ұйым сарапшылар мен құқық қорғаушылар журналистерге қатысты қылмыстық қудалау, әлеуметтік желілердегі бұғаттау және журналистік қызметпен айналысуға тыйым салуды қолдану үрдісінің күшейіп бара жатқанына алаңдаулы екенін жазады.
2026 жылғы 23 тамыз яғни осы жексенбіде Құрылтай сайлауы өтеді. Журналистерге сайлау күні заң талаптарын бұзбай жұмыс істеу тәртібін еске саламыз.
Бүгін Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 соты Orda.kz-тің бұрынғы басшысы Гүлнәр Бажкеноваға үкім шығарды. Сот журналисті сегіз жылға бас бостандығынан айырып, жазаны өтеуді екі жылға кейінге шегеріп, бес жыл бойы журналистік кәсіппен айналысуына тыйым салды.