2026 жылғы 10 тамыздан бері қазақстандық құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаның Facebook парақшасы толығымен бұғатталды. Ал Instagram аккаунты жаппай «страйк» шабуылына ұшырап, жойылу қаупі бар.
«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Назира Дәрімбет журналистерді «кәсіби қызметіне тыйым салу» арқылы жазалау тәжірибесінің жиілеп кетуіне байланысты «Жас Алаш» газетіне пікір білдірді. Еске сала кетейік, соңғы уақытта мұндай тыйым журналистер Әмір Қасеновке, Әсет Матаевқа және Александра Алёховаға салынды.
Адвокаттың айтуынша, прокуратура мен түзету мекемесі әкімшілігінің қолдауы мен барлық заң талаптарын орындағанына қарамастан сот Владимир Северныйді мерзімінен бұрын шартты түрде босатудан бас тартты.
ЕҚЫҰ-ның сайлауды байқау миссиясы Құрылтай сайлауына дайындық барысы туралы аралық есеп жариялады. Құжатта Қазақстандағы БАҚ нарығындағы жағдай, саяси плюрализм деңгейі және өзін-өзі цензуралау үрдісінің таралуы бағаланған.
«Правовой медиа-центр» қоғамдық қорының «Media Qoldau» құқықтық қызметінің жетекшісі Гүлмира Біржанова Facebook әлеуметтік желісі «Правовой медиа-центр» қорының директоры Диана Окремованың аккаунтына кіру мүмкіндігін шектеді деп хабарлады.
Экстремизм бабымен сотталған журналист Думан Мұхаммедкәрімнің денсаулығы күрт нашарлап кетті. Бұл туралы журналистің адвокаты Ғалым Нұрпейісов мәлімдеді.