«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры Мәдениет және ақпарат министрлігіне жүгініп, қарағандылық журналист Мұрат Нұрғалымовтың құқығын қорғауды сұрайды. Журналист полиция қызметкерімен болған даудан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Instagram-дағы жаппай бот шабуылынан кейін Құқықтық медиа-орталық бірқатар жазбаларына пікір жазуды уақытша шектеді.
Зерттеуші журналистердің халықаралық желісі - Organized Crime and Corruption Reporting Project (OCCRP ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлықты зерттеу жобасы) Қазақстанның жаңа бір палаталы парламентін сайлау туралы материал жариялады. Мақалада дауыс беру тәуелсіз журналистерге қысым күшейгенде өтті делінген.
Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) Orda басылымының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға шыққан үкімге байланысты мәлімдеме жариялады. 18 тамызда Алматы соты оны сегіз жылға бас бостандығынан айырған. Халықаралық ұйым бұл істі Қазақстанда парламент сайлауы қарсаңында БАҚ-қа күшейген қысымның бір бөлігі деп бағалады.
Соңғы уақытта Қазақстанда журналистерге қосымша жаза ретінде кәсіби қызметке тыйым салу тәжірибесі жиілеп кетті. Соңғы айларда сот шешімімен мұндай тыйым ҚазТАГ агенттігінің иесі Әсет Матаевқа, агенттіктің бас редакторы Әмір Қасеновке, журналист Александра Алеховаға және 18 тамызда Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға салынды.
17 тамызда Астана қаласының ауданаралық азаматтық соты «Ulysmedia» басылымына қарсы берілген талап арызды қанағаттандырудан бас тартты.