Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection
Басты бет Жаңалықтар

Жаңалықтар

Іздеу...
Сот Вадим Борейконы құрылыс компаниясына 43 млн теңге төлеуге міндеттеді

Алматы қаласының Бостандық аудандық соты «Etude-Ybyrai» ЖШС-нің журналист, «Гиперборей» YouTube-арнасының авторы әрі жүргізушісі Вадим Борейкоға қарсы арызы бойынша шешім шығарды. Сот журналисті құрылыс компаниясына 43 миллион теңге төлеуге және жариялаған ақпаратын теріске шығаруға міндеттеді.

13 қараша 2026
Апелляциялық сот Александра Алёхованың үкімін жеңілдетті

Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы журналист Александра Алёховаға шығарылған  үкімді өзгертті. Оның бас бостандығынан айыру жазасын үш жылдан екі жылға азайтты.

12 қараша 2026
Instagram «Уральская неделя» аккаунтын қайта бұғаттады

Қазақстандық «Уральская неделя» басылымының Instagram желісіндегі ресми аккаунты бұғатталды. Себеп ретінде платформаның зияткерлік меншік құқығын сақтау жөніндегі талаптарының ықтимал бұзылуы көрсетілген. Бұл туралы «Құқықтық медиа орталық» қоғамдық ұйымы хабарлады.

5 қараша 2026
UNESCO: әлемдегі журналистер өлімінің 86%-ы жазасыз қалады

2012 жылдан бері алғаш рет әлемде журналистерді өлтіру қылмыстары үшін жазасыз қалу деңгейі өсті. 2024–2025 жылдары бұл көрсеткіш алдыңғы екі жылдық кезеңдегі 85%-дан 86%-ға жетті. Бұл журналистерді өлтірудің әрбір жеті оқиғасының алтауы жазасыз қалатынын білдіреді. Бұл туралы UNESCO-ның жаңа баяндамасында айтылған.

4 қараша 2026
Тоқаев 2026 жылғы «Баспасөз бостандығының жыртқыштары» тізіміне енді

«Шекарасыз тілшілер» (RSF) халықаралық ұйымы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты 2026 жылғы 33 тұлға енген «Баспасөз бостандығының жыртқыштары» тізіміне енгізді. RSF материалдында  ол БАҚ пен журналистерге қысым көрсету үшін заңнама мен сот тетіктерін пайдаланғаны үшін «Құқық» санаты бойынша тізімге енгені айтылған.

3 қараша 2026
Facebook «Әділ сөз» қорының ресми парақшасын қалпына келтірді

Facebook авторлық құқықтың бұзылуы туралы шағымнан кейін бұғатталған қор парақшасын қалпына келтірді.

Жүктеу 30 қазан 2026
Өз сұрағыңызды қойыңыз