
Instagram «Уральская неделя» аккаунтын қайта бұғаттады
Қазақстандық «Уральская неделя» басылымының Instagram желісіндегі ресми аккаунты бұғатталды. Себеп ретінде платформаның зияткерлік меншік құқығын сақтау жөніндегі талаптарының ықтимал бұзылуы көрсетілген. Бұл туралы «Құқықтық медиа орталық» қоғамдық ұйымы хабарлады.




