Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection
Басты бет Жаңалықтар

Жаңалықтар

Іздеу...
Rights Tracker 2026: Қазақстан саяси және азаматтық бостандық бойынша 10-нан 3,3 балл алды

Адам құқықтарын өлшеу жөніндегі халықаралық бастама – Human Rights Measurement Initiative (HRMI) Қазақстан азаматтарының негізгі саяси және азаматтық бостандықтарды қаншалықты пайдалана алатынын бағалады.

30 қазан 2026
«Уральская неделя» редакциясына полиция келді

Лұқпан Ахмедьяровтың Instagram аккаунты бұғатталды.

29 қазан 2026
Facebook Құрылтай туралы жарияланымға байланысты «Әділ сөз» қорының парақшасын бұғаттады

27 қазанда Facebook «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының ресми парақшасын үшінші тұлғаның авторлық құқықты бұзды деген болжамды шағымынан кейін бұғаттады.

27 қазан 2026
Қазақстан СІМ шетелдік БАҚ-қа аккредитация бермеу негіздерін көңейтті

Қазақстанда шетелдік БАҚ пен журналистерді аккредиттеу ережесі өзгерді. Енді Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі «ұлттық қауіпсіздік мүддесін» негізге алып, аккредиттеуден бас тарта алады немесе оның қолданылуын тоқтатып, күшін жояды. Жаңа ережеде бұл негіздерді қолданудың нақты өлшемі белгіленбеген. Бұл туралы Exclusive.kz хабарлайды.

25 қазан 2026
Алматыда журналист полицияда болған кезде оның пәтерінің есігін бұзып кірген

22 қазанда Азаттық Азия тілшісі Бағдат Асылбек алаяқтық жасады деген арыз бойынша күдіктеліп, түсініктеме алу үшін Алматы полиция департаментіне мәжбүрлеп жеткізілген. Журналист полицияда болған кезде белгісіз адамдар оның пәтерінің есігін бұзып кірген. Бұл туралы Азаттық Азия хабарлады.

24 қазан 2026
Журналист Амангелді Батырбеков екі айға қамауға алынды

«Сарыағаш-Информ» басылымының бас редакторы Амангелді Батырбеков бұған дейін жала жабу бабымен айыпталып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынғаннан кейін тағы екі айға қамалды. Бұл туралы блогер әрі азаматтық белсенді Тортуыл Шоқан әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

23 қазан 2026
Өз сұрағыңызды қойыңыз