8 қыркүйек — Журналистердің халықаралық ынтымақтастық күні.

Достар! 8 қыркүйек — Журналистердің халықаралық ынтымақтастық күні.
Бұл күн бізге бір маңызды нәрсені еске салады: журналист қысым көргенде жалғыз қалмауы керек.
Журналистің кәсіби жұмысына кедергі жасалғанда немесе оның үнін өшіруге әрекет болғанда, бұл бір адамның ғана мәселесі болып қалмауы керек.
Өйткені журналистің еркіндігі — бүкіл қоғамның ақпарат алу құқығымен тікелей байланысты. Біз түрлі редакцияда жұмыс істейміз әртүрлі пікірде болуымыз мүмкін,. Бірақ кәсіби құқық пен сөз бостандығын қорғау мәселесінде бір-бірімізге тірек бола білуіміз керек.
Барша әріптестерімді осы күнмен құттықтаймын! Бірлігіміз бекем, сөзіміз еркін, еңбегіміз қауіпсіз болсын. Бір бірімізді қолдап журейік!
— Назира Дәрімбет,"Әділ сөз" қорының президенті



