Арман Қырықбаев ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды

Арман Қырықбаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі қызметіне тағайындалды. Оның кандидатурасы бұған дейін ҚР Құрылтайының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде мақұлданған.
Тағайындалғанға дейін Арман Қырықбаев ҚР Президентінің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі қызметін атқарған. 2024 жылдың наурызынан бастап Президент Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі болды.
Арман Қырықбаев 1976 жылы Астанада дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономист» мамандығы бойынша және ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.
Еңбек жолын Сыртқы Істер Министрлігі жүйесінде бастаған. Әр жылдары бизнес және жергілікті атқарушы органдар құрылымдарында жұмыс істеді. Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, Алматы мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының директоры, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық-саяси жұмыс және қоғаммен байланыс департаментінің директоры болды.
Сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетін басқарды. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Мәдениет және ақпарат вице-министрі, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі, Алматы әкімінің орынбасары және Nur Otan партиясының хатшысы қызметтерін атқарды.



