Жанна Байтелованың Facebook-тегі аккаунтына бұғат қаупі төнді

Журналист Жанна Байтелова Facebook желісінде авторлық құқықты бұзды деген шағымнан соң материалдар өшірілгенін хабарлады. Енді оның аккаунтына бұғатталу қаупітөніп тұр. Байтелова тәуелсіз БАҚ пен журналистерге қысым туралы және басқа дақоғамдық маңызы бар тақырыптарды жазады.
Журналист парақшасында бөліскен жазбаларды Facebook өшірген. Ол Лұқпан Ахмедьяров, Айжан Хамит, Рауль Упоров және басқа да авторлардың материалдарынқайта бөліскенін айтады. Байтелова жариялаған скриншоттардан бірнеше жазбаның 28 және 29 тамызда «Авторлық құқық» белгісімен өшірілгені көрінеді.
Журналист: «Меніңше, парақшамды өшіргісі келіп жатқан сияқты. Авторлық құқықты бұзды деп достарымның атынан жалған аккаунттар шағым түсірген», - дейді.
Байтелованың айтуынша, шағымдар жазба авторларының атынан түскен, алайда шағым жіберілген электрондық адрестері олардыкі емес. Авторлар Meta-ға материалдарын өшіру туралы талаппен жүгінбегендерін айтқан.
Журналист жазбалардың өшірілуі тек қоғамдық-саяси контентке қатысты емес екеніне де назар аударды.
Байтелова: «Meta қашаннан репосттарды авторлық құқықты бұзу деп санай бастаған? Бұл қауіпті, өйткені жаппай заңбұзушылық үшін парақшаң бұғатталуы мүмкін», - деп жазды.
Бұл іске қатысымыз жоқ деген адамдардың атынан әртүрлі электрондық адрестерденбірқатар шағымның түсуі журналистің аккаунтына қарсы үйлестірілген әрекеттер болуы мүмкін. Жазбаларды өшірер алдында Meta шағым түсірушілердің жеке басын және олардың контентке қатысты құқықтарын қалай тексеретіні ашық күйінде қалып отыр.



