Elmedia редакцияның Instagram парақшасына авторлық құқықты бұзу туралы шағымдармен жаңа шабуыл жасалғанын хабарлады

Elmedia редакциясы Instagram-да авторлық құқықты бұзды деген шағымдардан кейін материалдардың тағы бір топтамасы өшірілгенін хабарлады.
Басылымның мәліметінше, 1 қыркүйекте кәсіпкер Александр Машкевич туралы, Назарбаевтар отбасының активтері, қаржы полициясының қызметі және Гүлжан Ерғалиеваның отбасына жасалған шабуыл туралы эфир материалдары шектеуге ұшыраған.
Elmedia мәліметінше, шағым dexterislmai@gmail.com электрондық адресін пайдаланған бөгде адамнан түскен. Ол өзін редакция контентінің авторлық құқық иесі ретінде көрсеткен. Meta-ның автоматты модерация жүйесі материалды қолмен тексермей-ақ өшірген. Редакция мақалаларды қалпына келтіру үшін қарсы апелляция дайындап жатыр.
Elmedia бүгін шабуыл жалғасып, ауқымы ұлғайғанын мәлімдеді. Редакцияның мәліметінше, шағымдар әртүрлі есімдер мен түрлі электрондық адресті пайдаланатын қолданушылардан түскен, ал шағым мәтіндерінің орнына ағылшын тіліндегі дайын шаблон хабарламалар жіберілген.
Elmedia экономикалық тақырыптағы материалдар да өшірілгенін хабарлады. Экономистер Расул Рысмамбет және Арман Бейсембаевпен банк секторы, халықтың шамадан тыс несиеге тәуелділігі және нақты экономиканың тоқырауы туралы түсірілген видеолар бар. Редакция жағдайды сыни мақалаларды жүйелі түрде өшіруге бағытталған әрекет деп бағалап, Meta-ға наразылық жолдады.



