Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Апелляциялық сот Александра Алёхованың үкімін жеңілдетті

12 қараша 2026

Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы журналист Александра Алёховаға шығарылған  үкімді өзгертті. Оның бас бостандығынан айыру жазасын үш жылдан екі жылға азайтты. Жазаны өтеуді 2031 жылға дейін кейінге қалдыру күшінде қалды. Сот үш жыл кәсіби қызметпен айналысуға салынған тыйымды алып тастады. 

Александраның өзі үкімге кассациялық тәртіппен шағымданатынын мәлімдеді. 

Еске салайық, журналист Александра Алёхова дербес деректерді заңсыз таратты деп айыпталған болатын.  Бұл бап бойынша жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. 

Қылмыстық іс журналистің «Кенжехан» базары туралы мақаласына байланысты қозғалған. Онда журналист Елена Садвакасованың бұрын сотталғаны туралы жазған. 

Журналист Жанна Байтелованың мәліметінше, Алёхованың үстінен алғашқы арыз 2022 жылы түскен, ол кезде іс тоқтатылған. Кейін жаңа арыз беріліп, Алёхова қорғануға құқығы бар куәгер мәртебесінде болған. 

2026 жылғы наурызда журналист тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полицияға шақырылып, кейін босатылған.  

Бұған дейін осыған ұқсас іс бойынша журналист Олег Гусев сотталды. Оған үш жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді. 

Өз сұрағыңызды қойыңыз