Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

«Цифрлық ортадағы журналистердің қауіпсіздігі: қорытынды, сын-қатерлер және алдағы қадамдар»

18 қараша 2026

Онлайн-шабуылдар, аккаунттарды бұғаттау, кибербуллинг пен цифрлық қысым журналистің күнделікті жұмысының бір бөлігіне айналса, не істеу керек?

4 желтоқсанда Алматыда «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры «Цифрлық ортадағы журналистердің қауіпсіздігі: қорытынды, сын-қатерлер және алдағы қадамдар» атты қорытынды дөңгелек үстел өткізеді.

Журналистерді, блогерлерді, белсенділерді және азаматтық қоғам өкілдерін ашық пікірталасқа қатысуға шақырамыз.

Кездесуде мына мәселелерді талқылаймыз:

- Журналистерге қатысты кибершабуылдар мен онлайн-зорлық-зомбылық мониторингінің нәтижелері;

- Онлайн-шабуылдар кезінде құқықтық қорғану жолдары;

- Журналистер мен редакциялардың цифрлық қауіпсіздігі;

- Онлайн-қысымның психологиялық салдары;

- Мемлекет, БАҚ және азаматтық қоғам журналистердің қауіпсіздігін арттыру үшін қалай бірлесе әрекет ете алады?

Сонымен қатар қатысушылар сарапшыларға сұрақ қойып, өз тәжірибесімен бөлісе алады және тиісті мемлекеттік органдарға арналған ұсынымдарды талқылауға қатыса алады.

4 желтоқсан 2026 жыл

Тіркелу және кофе-брейк: 13:00

Дөңгелек үстелдің басталуы: 14:00

Өтетін орны: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 52/2, «Қазақстан» қонақүйі, «Алтын-Емель» конференц-залы, 1-қабат.

Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/gRMtoZXuYZWRQkW8A

Дөңгелек үстел «Әділ сөз» қоры Германия Федеративтік Республикасының Федералдық сыртқы істер министрлігінің қаржылық қолдауымен жүзеге асырып жатқан «Онлайн-зорлық-зомбылыққа ден қою орталығы: журналист әйелдерге қатысты интернеттегі өшпенділік пен зорлық-зомбылықты бақылау құралы» жобасы аясында өтеді.

Өз сұрағыңызды қойыңыз