CPJ: қазақстандық журналистерді үнін шығармауға қалай мәжбүрлейді

Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) өз сайтында Қазақстандағы парламент сайлауы қарсаңында журналистерге жасалып жатқан бұрын-соңды болмаған қысымға баға берген материал жариялады. Халықаралық ұйым сарапшылар мен құқық қорғаушылар журналистерге қатысты қылмыстық қудалау, әлеуметтік желілердегі бұғаттау және журналистік қызметпен айналысуға тыйым салуды қолдану үрдісінің күшейіп бара жатқанына алаңдаулы екенін жазады.
«Әділ Сөз» қоры журналист Ник Льюис дайындаған материалдан үзінді жариялайды. Материалдың толық нұсқасын CPJ сайтынан оқуға болады.
23 тамызда халық наурыз айындағы референдумда қабылданған жаңа конституцияға сәйкес бір палаталы парламентті сайлайды. Қазақстан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев конституция Орталық Азия елін түбегейлі қайта құруға мүмкіндік береді деп мәлімдеген. Бірақ сарапшылар бұл Тоқаевтың билігін кеңейтуге тырысу деп санайды.
Наурыз айындағы референдум кезінде де бірқатар тұтқындаулар болды. Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) және оның серіктестері Қазақстан билігіне қайырылып қысымды тоқтатуды айтқан еді. Бірақ сайлау алдында Қазақстанның тәуелсіз журналистерін қорқыту қайта етек алды.
Осы айдағы парламент сайлауы қарсаңында Қазақстандағы тәуелсіз журналистер қылмыстық қудалаудан бастап, кәсіби қызметпен айналысуға тыйым салуға дейінгі «бұған дейін болмаған» қысымға тап болды. Мұндай репрессиялық шаралар Қазақстанның БАҚ бостандығына қатысты халықаралық міндеттемелерін сақтауын қамтамасыз ету үшін халықаралық бақылауды күшейтуді талап етеді.
Шілде айының ортасынан бері бес танымал журналист ауыр қылмыстық айыптармен сотталды. Ал тағы екеуіне қарсы қылмыстық іс қозғалды. Сот сотталған журналистердің қоғамдық өмірге қатысуына және онлайн режиміндегі қызметіне қатаң шектеулер қойды.
14 тамызда Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) және сегіз халықаралық құқық қорғау ұйымы қысымның күшеюіне алаңдаушылық білдірді. Ақпаратқа қол жеткізуді шектеу, билікті сынағандарға қарсы қудалау мен қорқытудың басқа да түрлері «кең ауқымды, ұзақ мерзімді үлгінің» бір бөлігі екенін атап өтті.
Қылмыстық қудалау
Қазақстан билігі баспасөзді үнсіз қалдыру үшін қолданатын негізгі құрал - қылмыстық қудалау. Журналистерге «қасақана жалған ақпарат таратқаны» үшін деген айып жиі тағылады.
18 тамызда сот тәуелсіз «Орда» басылымының бұрынғы бас редакторы және Қазақстанның танымал журналистерінің бірі - Гүлнәр Бажкеноваға үш түрлі оның ішінде жалған ақпарат таратты деген айыппен сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сот Бажкенованың бас бостандығынан айыру жазасын өтеуді кәмелетке толмаған баласы бар болғандықтан екі жылға кейінге қалдырды. Журналистке қызметтік кәсібімен айналысуға, «қоғамдық іс-шараларға» қатысуға тыйым салды.
Шілде айының соңында тәуелсіз ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің директоры Әсет Матаев пен басылымның бас редакторы Әмір Қасенов тиісінше 3,5 жыл және 15 айға бас бостандығы шектелді. Сот Қасеновке бес жылға, ал Матаевқа үш жылға журналистік қызметпен айналысуға тыйым салды.
Шілде айының ортасында журналист Азамат Омаров апта сайын шығатын YouTube-тегі «Ахуал сегодня» саяси сатиралық бағдарламасының эпизодын эфирге шығарғаннан кейін қамауға алынды. Омаров ҚР ҚК 174-бабы – «әлеуметтік, ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыру» айыбы бойынша сотқа дейін екі ай мерзімге қамауға алынды.
Журналистикамен айналысуға салынған тыйымдар
3 тамызда Алматы соты журналист Александра Алехованы 2022 жылғы мақаласында жеке деректерді заңсыз таратқаны үшін кінәлі деп тауып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, журналистік қызметпен айналысуға тыйым салды. Журналистің жас балалары болғандықтан, оның бас бостандығынан айыру мерзімі бес жылға кейінге қалдырылды.
Жергілікті сөз бостандығын қорғайтын «Әділ сөз» ұйымы бұл істі «құқықтық тұрғыдан қисынсыз іс» деп санап, Алехованың ашық сот құжаттарында кездескен және әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратқа сілтеме жасағанын және деректерді жариялаған қызметкер де, оны алғаш жариялаған адам да заңды жауапкершілікке тартылмағанын айтты.
Алехованың ісі журналист Олег Гусевтің абсурдтық ісімен байланысты болды. Сот желтоқсан айында Гусевті адамның жеке деректерін заңсыз таратты деген айыппен үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырып, үш жылға журналистік және қоғамдық қызметке тыйым салды.
«Әділ сөз» ұйымының президенті Назира Дәрімбет: «Журналистерді қорғау комитетіне (CPJ) кәсіпке тыйым салу бұрын да қолданылған, бірақ қазір оның «жаппай және жүйелі түрде қолданылуы қауіпті үрдіс», - деп мәлімдеді.
Бұл азаматтарды медиа саласынан толығымен шеттету құралы, деген Назира Дәрімбет: «бұл жаза - журналисті «кәсіби және азаматтық өлтіру» жазасы деп атады. Қазақстанның пікір бостандығы мен жұмыс істеу құқығының конституциялық кепілдігін, сондай-ақ азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық Пакт бойынша елдің халықаралық міндеттемелерін бұзады.
Әлеуметтік медианы тұншықтыру
Қазіргі репрессиялық шаралар журналистердің әлеуметтік желілердегі аккаунттарын нысанаға алды: құқық қорғаушылардың, журналистер мен блогерлердің аккаунттарынан видеороликтер мен басқа да контентті мәжбүрлі түрде өшіру үшін авторлық құқықтың бұзылғаны туралы жаппай шағымдар түсіп жатқаны хабарлануда.
Дәрімбеттің айтуынша, бұл шабуылдардың «бұрын-соңды болмаған ауқымы» қазақстандық журналистика үшін күрделі мәселе. Биліктің дәстүрлі баспа және онлайн БАҚ-ты қатаң бақылауы «тәуелсіз журналистерді осы платформаларға итермеледі» және олар өз аудиториялары үшін соларға тәуелді.
Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева тамыз айында Facebook парақшасында мәлімдеме жасап, министрлік әлеуметтік желі пайдаланушыларын, соның ішінде БАҚ пен журналистерді бұғаттамайтынын және мұндай бұғаттаулардың мемлекеттің беделін түсіруге бағытталғанын айтты.
Көп жақты шабуылдар
Кейбір жағдайларда репрессивті құралдардың бірнешеуі жеке журналистерге қарсы қолданылып, оларды әртүрлі жақтан қорқытып, қудалауға ұшыратады. Танымал журналист Лұқпан Ахмедьяров Журналистерді қорғау комитетіне (CPJ) соңғы бір жылда Facebook-тегі 20-ға жуық жазбасы жойылғанын және оның аккаунты негізсіз авторлық құқыққа қатысты шағымдарға байланысты бұғатталғанын айтты. Сондай-ақ 12 тамызда полиция журналистке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы («Көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.
Тәуелсіз журналист Динара Егеубаева Журналистерді қорғау комитетіне Instagram және Facebook аккаунттары бұғатталғанын айтқан. 4 тамызда Егеубаева полицияның оған қарсы қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Егеубаева бұл оқиғаның өзіне қарсы ойдан шығарылған қылмыстық іс қозғау үшін жасалған жоспар деп санайды.
Құқықтық медиа орталықтың басшысы Окремова Журналистерді қорғау комитетіне (CPJ): «бұл сан түрлі қорқытудың мақсаты - баспасөз өкілдерін қорқыту арқылы өзіне-өзі цензура жасау. Журналистер өз әріптестерімен не болып жатқанын көріп отыр, сондықтан сақ болады. Олар үкіметтің ұстанған бағытын ұстанатын болады», — деп мәлімдеді.
Мақаланы толық нұсқасын сілмеге өтіп оқыңыз.



