АСТАНА, Қазақстан — 2026 жылғы 18 ақпанда Solution Journalism Lab II жобасы аясындағы қорытынды дөңгелек үстел өтті. Халықаралық «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қоры Ұлыбритания Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырған бұл жоба тек фактілерді тіркеумен шектелмей, жүйелі проблемаларға нақты әрі тексерілген шешімдер ұсынатын журналистиканы дамытуға бағытталды.
Бүгін және кеше бірқатар қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары, соның ішінде ҚазТАГ ақпараттық агенттігі, «Уральская неделя», Central Asia Cronos және басқа да басылымдар кибершабуылдарға ұшырады. Нәтижесінде аталған сайт редакцияларының жұмысы бұзылды. Қазақстандық және шетелдік пайдаланушылар жарияланған материалдарға қолжеткізе алмады.
«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры «ҚазТАГ» ХАА бас директоры Әсет Матаев пен агенттіктің бас редакторы Әмір Қасеновке қатысты қылмыстық істің қозғалуына және тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде жол берілген заңбұзушылықтарға байланысты алаңдаушылық білдіреді.
Қор таңертеңнен Orda.kz төңірегінде туындаған жағдай туралы тараған ақпаратқа алаңдаушылық білдіреді. Қазіргі уақытта редакция мен оның қызметкерлеріне қатысты тергеу әрекеттерінің қандай құқықтық негізде жүргізіліп жатқаны туралы нақты дерек жоқ.
Бүгін, 2025 жылғы 14 қарашада, сағат 11:00 шамасында Қостанайда іссапарда жүрген журналист Кирилл Павлов ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Сағат 14.00-дегі жағдай бойынша (үш сағат өткеннен кейін) полиция ұстау туралы ешқандай іс жүргізу құжаттарын толтырған жоқ, бұл заңнама талаптарына қайшы келеді.
6 қарашада Алматыда журналистерге арналған Алматыда «БАҚ-тағы тұрмыстық зорлық-зомбылық: мәселелер мен шешімдер» тақырыбындағы дөңгелек үстел мен практикум өтті. Шара «Әділ сөз» Халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры ұйымдастырған «Шешім журналистикасы зертханасы-II» жобасы аясында, Ұлыбритания Елшілігінің қолдауымен өткізілді.