Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Алматы соты ҚазТАГ ісі бойынша үкім шығарды

1 тамыз 2026

Алматыда «ҚазТАГ ісі» деп аталған оқиғаға үкім шықты.

Алмалы аудандық соты ҚазТАГ агенттігінің бас директоры Әсет Матаевты қызметтік міндетін орындауға салғырттық танытқаны және бұзақылық жасағаны үшін, ал бас редактор Әмір Қасеновті көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп таныды. Freedom Finance брокерлік компаниясына қарсы көрінеу жалған ақпарат таратты деп айыпталған Жанна Қапарова да кінәлі деп танылды.

Басылымның бас редакторы Әмір Қасеновке рақымшылықпен 1 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, оған журналистика саласында 5 жылға жұмыс істеуге тыйым салынды. Үкім жарияланғаннан кейін ол сот залында қамаудан босатылды.

Әсет Матаев 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп,  3 жылға журналистік қызметпен айналысуға тыйым салынды. Рақымшылыққа байланысты Жанна Қапароваға қатысты үкімнің күші жойылды.

Сот сотталған тұлғаларға Freedom Finance компаниясына 165,4 миллион теңге материалдық шығынды бірігіп төлеуді міндеттеді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Өз сұрағыңызды қойыңыз