Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

«Әділ сөз» қоры Динара Егеубаеваға жасалған қысымға алаңдап, журналистің қатысуымен болған ЖКО-сын объективті тергеуге шақырады

6 тамыз 2026

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры тәуелсіз журналист Динара Егеубаеваға қатысты жағдайға алаңдайды. Ол көлігімен Қожакеев көшесіне шығып жатқан кезде болған жол-көлік оқиғасы туралы лезде жалған ақпарат таралып, журналиске қарсы ауқымды шабуылға ұласты.

Бейнежазбадан қарсы бағытта келе жатқан велосипедшінің көлікті көрген кезде жылдамдығын азайтпай, Егебаеваның көлігінің бүйіріне соғылғаны көрінеді. Зардап шеккен азаматқа «бастың жабық жарақаты» (сүйек сынбаған) деген алдын ала диагноз қойылып, ауруханаға жеткізілді. Динара оның есі дұрыс болды және медицина қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді, №12 қалалық аурухананың ресми деректерінде оның бастың жабық жарақатымен (сүйек сынбаған) түскені көрсетілген дейді.

Қолда бар бейнедәлелдерге қарамастан, журналиске қарсы үйлестірілген науқан басталды.
Интернетте велосипедшінің «қаза тапқаны», кейінірек оның «ауыр жарақат алғаны» туралы жалған ақпарат тарады. Бұл мәліметтер үкіметті қолдайтын Telegram-арнада анонимді фотосуреттермен жарияланған.

Егеубаеваның жақындары қорқытып-үркіткен хабарламалар алған.

Шабуыл аккаунттың бұғатталуымен, YouTube арнасына ескерту жасалуымен, Динараның түрі мен дауысын ЖИ көмегімен көшіріп, DINARION атты жалған арнаның құрылуымен қатар болды.

Егеубаеваның көлігі ресми хаттама толтырылмастан айып тұрағына қойылды. Ал «соқтығысу» туралы акт сот-медициналық сараптама жүргізілместен оқиға орнында жасалды. Зардап шеккен адам ақылы бір кісілік палатаға жатқызылды. Егеубаеваның пікірінше, бұл медициналық шығынды жасанды түрде көбейту әрекеті.

Адам құқығын қорғаушылар бұл оқиға Егеубаеваны 2022 жылғы қаңтар оқиғасын, Украинадағы соғысты және ҚР ішкі саясатын жариялағаны үшін ұзақ уақыт бойы қудалаудың жалғасы деп санайды.

Ботоферма қолдану, дипфейк, өрт қою әрекеті сайлау процесі қарсаңында тәуелсіз дауысты тұншықтыруды көздеген біртұтас ұйымдастырушының іс-әрекетінен хабар береді.

4 тамызда Динара Егеубаеваға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Велосипедшінің шағымы негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу басталды. Журналистің елден шығуына тыйым салынды. Динара қолында бейнежазба бар екенін алға тартып, тағылған айыпты қисынсыз деп санайды. Ол бұл істің тапсырыс екеніне сенімді.

Журналист пен оның адвокаты бейнежазбаның іс материалдарына қосылуына, тәуелсіз сараптама жүргізілуіне және полицияның әрекетіне баға берілуіне қол жеткізуді көздеп отыр. Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдары мен ЕҚЫҰ өкілдеріне жағдай туралы хабарланды.

«Әділ сөз» қоры ҚР ІІМ мен Бас Прокуратураны ұйымдастырылған дезинформация бойынша ашық тергеу жүргізуге және құқықтық баға беруге шақырады.

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз