Лұқпан Ахмедьяровтың жағдайына «Әділ сөз» қоры алаңдаушылық білдіреді

3 тамыз күні таңертең журналист, «Просто журналистика» YouTube-арнасының негізін қалаушы Лұқпан Ахмедьяров өзінің Facebook парақшасында елден шығуына кедергі жасалғанын хабарлады. Журналист: «Астана әуежайында Қазақстаннан шығуыма тыйым салынды. Шекарашы маған ҚР аумағынан шығуыма тыйым салынғанын айтты. Шекарашының айтуынша қазір біз «тыйымның себебін түсіндіруі тиіс» ҰҚК кезекшісін күтіп отырмыз», - деп жазды.
Еске сала кетейік, 2026 жылдың 31 шілдесінде Астанада Андрей Котов есімді Өскемен қаласы тұрғынының арызы бойынша құқық қорғау органдары журналиспен байланысқан. Аталған азамат 2024 жылдың 1 сәуірінде жарияланған Лұқпан Ахмедьяровтың РФ жағында соғысып жатқан 660 қазақстандықтың тізімі бар жазбасына шағымданған. Тізімді украиналық «Хочу жить» жобасы жасаған. Журналист тек жазбаның скриншоттарын көшіріп жариялаған. Ахмедьяров полиция бөлімінде түсініктеме бергеннен кейін босатылғанына қарамастан, келесі күні оны жауапқа тарту туралы жаңа қоғамдық талап туралы ақпарат пайда болды.
1 тамызда Typicalkaz Instagram-паблигінде Қазақстан азаматы Руслан Мухамедовтың видеоүндеуі жарияланды. Ол Бас прокурор мен ҚР Ішкі істер министрінен журналист Ахмедьяровты жауапқа тартуды талап етті.
Мухамедовтың айтуынша, оның деректері Ахмедьяров жариялаған Украинадағы соғысушылардың тізімінде болған. Ол Ресейде вахталық әдіспен жұмыс істейді және әскери әрекеттерге ешқандай қатысы жоқ. Ер адам жазба оның беделіне нұқсан келтіргенін, жақындарымен қарым қатынасының нашарлағанын және жұмысқа орналасуда туындайтын қиындықтардан қорқатынын айтады.
Руслан Мухамедов өз видеоүндеуінде: «Сөз бостандығы тексерілмеген деректерді жариялауға құқық бермейді. Мен қатаң түрде заң бойынша журналист Лұқпан Ахмедьяровты тексеріп, жазалауды сұраймын. Мен қылмыскер емеспін, мен адал аты кірлеген азаматпын», - дейді.
Журналист жаңа мәлімдемеге пікір білдіріп, болып жатқан оқиғалардың техникалық және заңды бөліктерін түсіндірді. Ахмедьяровтың айтуынша, ол 2024 жылдың 1 сәуіріндегі украин тарапының бастапқы тізімін тексеріп, айтарлықтай сәйкессіздіктерді тапқан.
Журналист «Бастапқы дереккөзде жарияланған тізімде Мухамедов емес, Мухаметов («т» әрпі арқылы) деген тегі бар адам бар. Аты, әкесінің аты және туған күні сәйкес келген жағдайда басқа деректер келісімшарт күні немесе өзге де мәліметтер жоқ», - дейді.
Сонымен қатар, Ахмедьяров өзі тізімнің авторы немесе бастапқы көзі емес екенін тек украиналық «Хочу жить» жобасының жариялаған мәліметтерін келтіргенін айтты. Журналистің айтуынша, осындай жағдай бірінші шағымданушы — өскемендік Андрей Котовпен де болған. Иә, тізімде аты мен тегі бірдей, бірақ әкесінің аты жоқ адам болды. Тізімнің толық емес деректері бойынша оны арыз берушімен сәйкестендіру мүмкін емес, дейді Ахмедьяров. Журналист полицияға жазбаша түсініктеме беріп, Котовпен жеке таныс емес екенін және оның жеке мәліметтерін жарияламағанын түсіндіргеннен кейін босатылған.
Лұқпан Ахмедияровтың хабарлауынша, «Әділ сөз» құқық қорғау қорының мәлімдемесінен кейін, (Котов мырзаның шағымына қатысты) алғашқы тыңдау өтетін күні оның құқықтарының сақталуын тексеру үшін полиция бөлімшесіне қоғамдық қауіпсіздік департаменті басшылығының өкілі келген.
Журналист мұндай шағым азаматтық-құқықтық қатынастардың аясында екенін және сотта полиция арқылы емес, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау тәртібімен қаралуы керек деп есептейді.
Журналист 2025 жылы РФ-да қозғалған қылмыстық іс бойынша (оның аясында Ахмедьяровқа іздеу жарияланды) қазақстандық құқық қорғау органдары оны күдікті ретінде де, куә ретінде де жауапқа тартпайтынын және бұл істің мәртебесі оған белгісіз екенін айтты.
Лұқпан Ахмедьяровтың өзі екі жыл бұрынғы материалға қатысты шағымдардың кенеттен пайда болуын тәуелсіз БАҚ-қа жасалатын сыртқы қысыммен байланыстырады. Оның айтуынша, «Қазіргі уақытта, сайлау процесі кезінде, мемлекет бақылауында емес кез келген БАҚ пен журналистердің «аузын жабу» маңызды». Ахмедьяров: «Олардың үнін өшіру керек. Сондай-ақ, мұндай жайттар қылмыстық іс қозғау үшін пайдаланылуы әбден мүмкін... Соңғы тәулікте екі жарым жыл бойы ешқандай шағым түспегеніне қарамастан кенеттен осындай екі шағым пайда болды. Меніңше, олар мұны жаппай сипат алатын құбылыс етіп көрсету үшін аты-жөні сәйкес келетін адамдарды тауып алады», - деген пікір білдірді.
Журналист Руслан Мухамедовтің жаңа шағымына байланысты қосымша түсініктеме беру үшін полицияға қайта шақырылуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
«Әділ сөз» қоры Лұқпан Ахмедияровқа қатысты жағдайға алаңдап, оқиға барысын бақылайды.



