Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстанның Халықаралық бюросының журналисі Андрей Гришин Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуроры Б.А.Жұмақановқа Бостандық ауданының Ішкі істер бастығының орынбасары Берік Хамзинның іс-әрекеттеріне байланысты арыз түсірді.
Алматы қаласының Бостандық аудандық прокурорының «Правдивая газетін» жабу туралы талабы бойынша 14 ақпанға тағайындалған кезекті сот отырысы, талапкердің келмеуіне байланысты, болмады.
2014 жылдың 10 қаңтарында Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуроры Бауыржан Жұмақанов «Правдивая газетінің» бас редакторы Алия Исмагулованың үстінен газеттің шығарылуын тоқтатуды және есепке тұру куәлігінің күшін жоюды талап етіп Бостандық аудандық сотына арыз түсірді.