Ақмола облыстық әкімдігінде жаңа әкіммен кездесер алдында журналистердің бүкіл аудио және бейне техникасын тартып алған
3 сәуір күні сағат 10-да Ақмола облыстық әкімдігінде облыстың жаңа әкімі Мәлік Мырзалиннің БАҚ өкілдерімен танысу кездесуі өтті. Бірақ ғимаратқа кірер кезде полиция қызметкерлері шақырылған журналистерді металл іздегіш құралмен мұқият тексеріп, содан кейін барлық электронды гаджеттерді тапсырып кетуді сұрады. Журналистер «БАҚ туралы» заңға сілтеме жасауға тырысып көрген еді, бірақ күзетшілер оған құлақ аспады. Нәтижесінде, баспасөз өкілдері аудио, фото, бейне жазба жасайтын мобилді аппараттарының бәрін полиция қызметкерлеріне беруге мәжбүр болды.
Бұдан тыс, республикалық «Экспресс К» газетінің Ақмола облысы бойынша меншікті тілшісі Нұржан Баймулдинді кездесуге мүлдем кіргізбей қойды. 1 сәуірде Орталық коммуникациялар қызметінің Ақмола аймақтық өкілі Шанхи Голубева газеттің меншікті тілшісіне телефон соғып, дүйсенбі күні, яғни 3 сәуірде сағат 10-да М.Мырзалиннің БАҚ-тармен өткізетін кездесуіне өзі шақырған болатын.
Аталған күні меншікті тілші облыстық әкімдік ғимаратына келген болатын, алайда күзетте тұрған полиция қызметкерлері шақырылған адамдардың тізімінен «Экспресс К» газеті тілішісінің аты-жөнін таппаған. Құқық қорғау органы қызметкерлері тілшіден кешірім сұрағанмен, бірақ оны ішке, бәрібір, кіргізбеген.
Ал осы кездесуге республикалық БАҚ-тардың бәрі қатысқаны белгілі.