IFEX халықаралық құқық қорғау ұйымы Жанболат Мамайдың ісі бойынша ҚР президентіне ашық хат жолдады
«Жоғары Мәртебелі президент,
Біздер, төменде қол қойған, сөз бостандығын қолдайтын және қорғайтын IFEX ғаламдық желі мүшелері – қазақстандық журналист, оппозициялық «Саяси қалам. Трибуна» газетінің бас редакторы Жанболат Мамайдың тұтқынға алынуы мен үнемі қудалауға ұшырап отырғанына орай өзіміздің қатты алаңдаушылығымызды білдіру үшін Сізге үндеу жолдап отырмыз.
Мамайды оппозиция лидері, 2005-тен 2009 жылға дейін БТА банктің басшысы болған Мұхтар Әбләзовтің өз банкінен ұрлады деген ақшаның ізін жасыруға көмектесті деп айыптап отыр, бұл қылмыс үшін үлкен айыппұл немесе үш жылдан жеті жылға дейін түрмеге отырғызу жазасы қарастырылған. Жанболат Мамай өзінің еш кінәсіз екенін үзілді-кесілді айтып, 11 ақпанда ол айыптар «саяси себептерден туындап отыр» деп мәлімдеді. Егер «жасалды» деген қылмыс 2009 жылы орын алса, ал Мамай тек 2012 жылы «Саяси қалам. Трибуна» газетінің бас редакторы болғанын ескерсек, онда біздің алаңдауымыз орынды.
Мамай ҚР Жер кодексіне өзгертулер енгізуге қарсы шығып, белгілі болған, ал одан бұрын 2012 жылы Жаңаөзендегі ереуілге барғаны үшін оған «әлеуметтік араздықты қоздырды» деген айып тағылған.
11 ақпан күні кешкісін қазақстандық судья А. Байдаулетова Мамайды 2 айға қамауға алу туралы шешім шығарды. 17 ақпанда, Мамайды алғаш рет қамалғандар отыратын №81 карантиндік камерадан, себебін түсіндірместен, аса ауыр қылмыс жасағандар жазасын өтейтін №197 топтық камераға көшірген. Жанболаттың айтуынша, осы камерада ол соққыға жығылып, есінен танып қалған. 21 ақпанда тергеу изоляторына келген медицина қызметкері мен қамауда отырған жерлерді қадағалайтын арнайы прокурор Мамайға тексеру жүргізіп, оның денесінде көзге көрініп тұрған ісіктер мен көгерген жерлер бар екенін растаған, бірақ мекеме әкімшілігі оларды тиісті түрде рәсімдемеген. Ал Жанболаттың әйелі Инга Иманбайды телефон арқылы бірнеше рет бопсалап, 2 млн. теңге талып еткен. Қоңырау шалғандар, сонымен бірге Мамайға « саясаттан бас тартпасаң, өлтіреміз» деп қоқан-лоқы көрсеткен.
24 ақпанда осындай айғақтардың бар екеніне қарамастан, Алматы қаласы прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігіне қарайтын пенитенциарлық жүйе баспасөз мәтінін таратып, онда «Мамайға қысым көрсетілген жоқ, ол соққыға да, бопсалауға да ұшыраған жоқ» деп хабарлаған. Мамайды қорғау Комитеті 26 ақпанда бұл ақпаратты жоққа шығарып, соққыға жығу мен бопсалауға қатысты дәлелдерді қайтадан алға тартты.
Осының бәрін ескере келе, біз Мамайдың және оның отбасының болашақ қауіпсіздігіне және оған қарсы ашылған қылмыстық істің әділ жүргізілетініне алаңдаймыз. Атап айтсақ, бұрын сотталмаған Мамайды ауыр қылмыстары үшін сотталғандармен бірге отырғызу – оған қысым көрсету мақсатымен істелгенге ұқсайды және бұл оның жеке қауіпсіздігіне қатер төндіреді.
Жоғарыда айтылғандарға орай, Сізге мына шараларды дереу және табандылықпен іске асыруға кеңес береміз:
· Мамайды камерада соққыға жыққан оқиғаны және, сондай-ақ, оны неге №197 камераға түсіндірместен көшіргенін мұқият тексеріп, кінәлі адамдардың бәрін жауапқа тартуды;
· Жанболат Мамайды қудалауды доғарып, Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сәйкес қылмыстық істі қараудың барлық сатыларында және сот талқылауының бейтараптығын қамтамасыз етуді;
· Жанболаттың әйеліне көрсетілген қоқан-лоқыны да тексеріп, Мамайдың жеке өзінің және отбасының болашақ қауіпсіздігіне кепілдік беруді».
Мәлімдемеге 29 құқық қорғау ұйымы қол қойды, олардың арасында Сөз бостандығын қорғайтын Халықаралық «Әділ сөз» қоры, «Артикль 19», Журналистерді қорғау Комитеті, Цензура индексі және басқалары бар:
Adil Soz - International Foundation for Protection of Freedom of Speech
ActiveWatch –
Media Monitoring Agency
Afghanistan
Journalists Center
Albanian
Media Institute
ARTICLE 19
Association of Caribbean Media Workers
Brazilian
Association for Investigative Journalism
Cambodian
Center for Human Rights
Canadian Journalists for Free Expression
Center for
Media Freedom and Responsibility
Center for
Media Studies & Peace Building
Committee to Protect Journalists
Foundation
for Press Freedom - FLIP
Freedom Forum
Globe
International Center
Index on
Censorship
International
Press Centre
Journaliste
en danger
Media,
Entertainment and Arts Alliance
Media Institute of Southern Africa
Media Watch
Pacific
Islands News Association
Pakistan Press Foundation
Palestinian
Center for Development and Media Freedoms - MADA
PEN Canada
Reporters Without Borders
Social Media Exchange - SMEX
Vigilance pour la Démocratie et l’État Civique
World
Association of Newspapers and News Publishers