Radiotochka.kz интернет-порталы жабылды
12 сәуірдеRadiotochka.kz интернет-порталы өзінің жұмысын тоқтатты.Порталдың директоры БигелдіҒабдуллиннің «Әділ сөз» қорына хабарлауынша, жабылудың себебі – қаржылық проблемалар болыпты.
«Егер әр нәрсені өз атымен атайтын болсақ, Радиоточка порталы қаржылық проблемаларға байланысты жабылып отыр. Бірақ брендті сақтап қалу үшін біз мына қадамға барып отырмыз: CentralAsiaMonitor газетінің өз сайты бар, біз сол сайтты жабамыз да, газетінің сайты ретінде Radiotochka порталын аламыз. Порталға көп күш, қаржы жұмсалды, жоба да жақсы еді, сондықтан біз оны құтқарып қалғымыз келді. Егер кімде кім сатып алғысы келсе, түптеп келгенде, біз порталды сата да аламыз», - деді Б. Ғабдуллин.
Бұған қоса ол қысқартуға порталдың бір-ақ қызметкері түсетінін және ол адам барлық тиісті төлемдерді алатынын айтты.
«Журналистермен проблемалар жоқ. Мен «белгілі бір жерден» шыққан соң, біз 8 адамды ғана қалдырдық, олардың екеуі журналист. Соның біреуі қалады да, екіншісі барлық тиісті төлемдерін алып босатылады», - деп сендірді Б. Ғабдуллин.
24 қаңтарда Central Asia Monitor газетінің бас редакторы және Radiotochka.kz сайтының директоры Б. Ғабдуллинді бопсалаумен айналысқаны үшін кінәлі деп тауып (ҚР ҚК 194-бабы, 4-т., 2-тт.), 5 жылға бостандығын шектеу туралы жаза тағайындады, сондай-ақ ол 5 жылға пробациялық бақылауға алынды. Бұдан тыс, үкімге сәйкес Б. Ғабдуллинге жергілікті өзін өзі басқару органдарында жұмыс істеуге, сондай-ақ меммлекеттік қызметте, коммерциялық ұйымдарда ұйымдастыру және бөлу міндеттері мен материалдық жауапкершілігі бар жетекшілік лауазымдар атқаруға 10 жылға тыйым салынды.