Сот шешімімен Ratel.kz және Forbes.kz Кәкімжановтардың пайдасына 50 млн теңгеден астам соманы төлеп беруі керек
4 сәуірде Алматының Медеу аудандық соты экс-қаржы министрі мен оның ұлы: Ratel.kz интернет-порталын және Forbes.kz журналын сотқа берген талап-арызы бойынша шешім шығарып, жауапкерлерді 50 млн 200 мың теңге төлеуге міндеттеді; оның 27 млн 900 мың теңгесі – Зейнұлла Кәкімжановтың пайдасына, ал 22 млн 300 мың теңгесі Ильхалид Кәкімжановтың пайдасына.
Жоғарғы соттың сайтында жарияланған шешімге сәйкес Forbes.kz сайтының баспагері United Media Group және бас редактордың орынбасары Александр Воротилов – Кәкімжановтарға 16,5 млн теңге төлеуі тиіс, ал Ratel.kz интернет-порталдың баспагері «ИТАЮ» ЖШС және басылымның бас редакторы Марат Әсіпов, журналистер Геннадий Бендицкий, Сапа Мекебаев – 26 млн 900 мың теңге төлеге міндетті. «Автодорсервис» ЖШС-ның бұрынғы бас директоры Виталий Процентов талапкерлерге 6 млн 800 мың теңге төлеуі тиіс.
Сондай-ақ жауапкерлер 502 мың теңге мемлекеттік баж салығын төлуге міндетті.
Бұдан тыс, сот Forbes.kz 9 мақалада баяндалған мәліметтерді жоққа шығарып, сайтағы және басылымның әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарда орналасқан 10 мақаланы толығымен алып тастауды міндеттеді (тек Кәкімжановтардың ар-намысын қорлаған мақалалардың ішіндегі бір мақаланың аты сот шешімінде көрсетілмепті).
Сонымен бірге Ratel.kzинтернет-порталында жарияланған 13 мақаланы сот: шындыққа сай келмейді деп тауып, оларды да жоққа шығарып және алып тастауды талап етіпті.
Жауапкерлер сот шешімімен келіспей, келесі сот сатысына шағымданатындарын мәлімдеді.
2016 жылы 29 желтоқсанда Ratel.kz интернет-порталының редакциясына экс-қаржы және мемлекеттік кірістер министрі Зейнұлла Кәкімжановтан 2016 жылдың мамыр айынан желтоқсанға дейін сайтта жарияланған 9 мақаланы жоққа шығаруды және оларды сайттан алып тастауды талап еткен сотқа дейінгі кінәрат-талап түскен болатын.
Қаңтардың алғашқы күндері Кәкімжановтар сотқа арыз беріп, порталдың бас редакторы Марат Әсіповтен және журналист Сапа Мекебаевтан – 2 млн теңгеден, ал журналист Геннадий Бендицкийден – 6 млн теңге, «Автодорсервис» ЖШС-ның бұрынғы бас директоры Виталий Процентовтен – 5 млн тенге, баспагер – «ИТАЮ» ЖШС-дан – 6 млн теңгені өндіріп беруді талап еткен болатын.
11 қаңтарда судья Т. Жұмамұратов: жауапкерлерге процесс туралы хабар таратуға, соның ішінде БАҚ-тарға жүгінуге және әлеуметтік желілерде түсініктеме беруге тыйым салған еді.
1 ақпанда судья Т. Жұмамұратов сот тыңдаулары жабық режимде өтетіні туралы шешім шығарған.