Полиграфта Клебановтың (Маневич) берген куәлігін тексеру керек - Әділ сөз
Журналистер мен БАҚ-қа жасалған шабуылдарды тергеу қоғам назарын аударды. Жәбірленушілер осы қылмыстық іс бойынша күдікті Аркадий Клебановтың (Маневич) қылмысты өз бетінше ұйымдастырғанына күмәнданады. Оның айғақтарының растығын тексеру және жәбірленушілер мен қоғам көкейіндегі күмәнді сейілту үшін «Әділ сөз» Клебановтың (Маневич) куәлігін полиграфта тексеруді ұсынады.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 123-бабының 11-бөлігіне сәйкес, дәлелдерді бекіту үшін хаттама толтырумен қатар дыбыстық -, бейнежазба, кино -, фототүсірілім, көшірме, таңба, жоспар,сызба дайындау және ақпаратты түсірудің басқа да тәсілдері қолданылуы мүмкін.
Қазіргі уақытта тұлғаның мәлімдемесінің растығын тексерудің ғылыми негізделген техникалық құралдарының бірі – заң нормалары мен қағидаларына қайшы келмейтін, ғылыми негізделген, қылмыстық сот ісін жүргізудің тиімділігін қамтамасыз ететін және қауіпсіз полиграфты қолдану болып табылады.
Полиграфологиялық зерттеуді Қазақстан Республикасында полиграфолог мамандар ресми түрде полиграфтың ғылыми-техникалық құралын (детектор лжи) қолдана отырып, қойылған сұрақтарға жауаптардың ықтимал дұрыстығын анықтау үшін жүргізеді.
Клебанов А.С. айғақтарында келтірген қылмыс мотивтерінің жалғандығы және Клебанов (Маневич) Аркадий Сергеевичке тапсырыс берушінің бар екендігін анықтау үшін, осы қылмыстық іс бойынша полиграфологиялық зерттеу жүргізуге полиграфологтардың Еуразиялық қауымдастығының полиграфолог мамандарын тарту қажет деп санаймыз.