3 мамыр – Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күні
3 мамырда әлемнің көптеген елдері Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күнін атап өтеді. Бұл халықаралық бастаманы 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы әлемге баспасөз еркіндігінің маңыздылығын және оның демократия мен адам құқықтарын сақтаудағы маңызды рөлін еске салу үшін құрған.
Бұл күні журналистер, баспагерлер және басқа да БАҚ өкілдері баспасөз еркіндігінің маңыздылығын, оның қоғамдағы рөлін, БАҚ бетпе-бет келетін шектеулер мен қиындықтарды талқылайды.
Ақпаратқа еркін қол жеткізу демократияны ілгерілетудің негізгі элементі болып табылады және мемлекеттік органдардың ашықтығы мен жариялылығына ықпал етеді.
Биылғы жылы Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күні 30-шы рет аталып отыр.
«Әділ сөз» қоры - Қазақстандағы сөз бостандығының бұзылуына тұрақты мониторинг жүргізетін және жариялайтын жалғыз ұйым. Сөз бостандығы - бұл біздің ажырамас құқығымыз ғана емес, адам құқықтарының түп негізі. Мониторингтің соңғы шығарылымымен мына жерден танысуға болады.