Владимир мен Наргиз Северный 2 айға қамалды
25 сәуір 2023
Бүгін Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына сілтеме жасап, Наргиз Севернаяның екі ай бойы, яғни 2023 жылдың 20 маусымына дейін үйқамақта болатынын хабарлады. Тиісті қаулы 22 сәуірде қабылданды.
Сол күні Владимир Северныйға қатысты да қаулы қабылданды. Сот сотқа дейінгі тергеу органының өтінішін қанағаттандырды. Журналист 2023 жылдың 20 маусымына дейін қамауда болады.