Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Оралда журналист Лұқпан Ахмедьяровты ұстамақ болды

12 сәуір 2023

Журналист және азаматтық белсенді Лұқпан Ахмедьяровты бүгін таңертең ұстамақ болды. Ахмедьяровтың көлігі Шолохов көшесінде тоқтатылды. Журналистің көлігінің алдын орап тоқтатқан «Газельден» қара киімде және бетперде таққан адамдар түсіп, көліктің есігін ашуға тырысты. Журналистің айтуынша олардың бұл әрекеттері сәтсіз болған, себебі, қозғалыста жүріп бара жатқан көлік есігін бұғаттайды. Көліктің есігін ашуға тырысқаннан кейін арнайы күштер кетіп қалған.

Содан кейін полиция келіп журналистке  оған қатысты әкімшілік істі қарау үшін қалалық полиция бөліміне келуі керек екенін хабарлаған. Ахмедьяровтан қалалық бөлімге баруды талап еткен полиция көлігі ілесіп жүрген. 
Қалалық бөлімде журналистке 9 сәуірдегі заңсыз митингіні ұйымдастырушы екендігі туралы рапорт түскені айтылған. Қазір Лұқпан әкімшілік сотты күтіп отыр. Онымен бірге полиция бөлімшесінде адвокат Мереке Ғабдуалиев бар. 

Журналист өзінің ұсталуын репортаж түсіру үшін Жаңаөзенге бару ниетімен байланыстырады.
Лұқпан: «Кеше кешке операторым Рауль Упоров екеуміз Жаңаөзенге сапарды талқыладық. Мұның бәрі таңертең басталды. Митингі ұйымдастыру туралы рапорт бүгінгі күнмен белгіленгенін ескере отырып, әкімшілік іс Жаңаөзенге бармауымыз үшін алдын алу іс-әрекеті деп сенімді түрде айта аламын. Хаттама 488-бап 7 бөлігі бойынша жасалды. Ол бойынша 15 тәулікке айыппұл немесе қамауға алу қарастырылған. Біз ешқайда бармайтынымызға сенімді болу үшін қамауға алу маған қатысты қолданылады деп болжауға болады» дейді. 

Лұқпан Ахмедьяров өзінің Youtube-тегі «Просто журналистка» арнасында материалдар жариялайды, онда ол елде болып жатқан маңызды оқиғалар туралы әңгімелейді.
 

Өз сұрағыңызды қойыңыз