Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Атырауда журналист Дмитрий Сутягиннің көлігі өртенді

11 мамыр 2023

Бүгін түнде Атырауда белгісіз біреулер «ҚазАқпарат» тілшісі Дмитрий Сутягиннің көлігін өртеп жіберді. Қауіпсіздік камера жазбасына сүйенсек, белгісіз ер адам көлікті түнгі сағат 3-30-ға қарай өртеп жіберген. Журналистің өзі таңертеңгі сағат төрт шамасында көлігі толығымен өртеніп кеткен соң бірақ білді.  
Дмитрий Сутягин бұл оқиғаны кәсіби қызметімен байланысты болуы мүмкін деп болжайды. Бірақ нақты кімнен күдіктенетінін білмейді.

Өз сұрағыңызды қойыңыз