Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Алматыда белгісіз біреу журналист Данияр Молдабековке шабуыл жасады

22 ақпан 2023

Бүгін таңертең белгісіз ер адам журналист Данияр Молдабековті ұрып кетті. Даниярдың айтуынша, шабуылдаушы балағаттап қоқан-лоққы көрсеткен. Журналистің қандай материалы мұндай реакция тудырғаны әзірге белгісіз.

Бұл Алматыда журналистерді қудалаудың бірінші оқиғасы емес. 20 ақпанда Youtube желісіндегі «Гиперборей» арнасы операторының екі көлігін өртеп кетті. Бұған дейін белгісіз біреулер журналист Вадим Борейконың пәтерінің есігіне құрылыс көбігін құйып кеткен еді.  Динара Егеубаеваның көлігі өртелді. Ulysmedia жетекшісі Самал Ибраева, Orda.kz және Elmedia сайттарының редакциялары мен басшылығы қудалау көріп, қорқытуларға тап болған еді.

Тегтер:
Өз сұрағыңызды қойыңыз