Ақтөбе облысында әкімдік журналисті қолдады
Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімдігі мен аудандық орталық аурухананың бас дәрігері журналист Азамат Әбілқайыровты Facebook-те жазба жариялағаны үшін сотқа арызданамыз деп қорқытты.
Онда емдеу мекемесі жетекшісінің дәрігер-реаниматологтың заңмен белгіленген еңбек демалысын бермеуіне байланысты шағымы сөз болады. Журналистің әкімдік пен бас дәрігердің ниеті туралы жазбасы әлеуметтік желіде резонанс тудырды. Алайда, шенеунік пен дәрігер сотқа беруден бас тартуға мәжбүр болды. Жағдайға облыс әкімінің баспасөз хатшысы араласты. Аудан әкімдігі тексеріс жүргізіп, журналистің жазбасы аурухана ұжымының отырысында талқыланып, дәрігерге еңбек демалысын беру туралы өтінішке қол қойылды. Азаматтың үстінен арыз болмайды деп сендірді.
«Әділ сөз» облыс әкімдігінің шешімін құптап және бұл басқа салалардағы әлеуметтік маңызы бар жағдайларды шешудің үлгісі болады деп сенеді. Тәуелсіз баспасөздің міндеті – қоғамды жақсарту үшін түйткілді мәселелерді көрсету. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы зерттеулер мен мақалалар қосымша тексерулер жүргізуге, ал егер фактілер расталған болса, дұрыс жүйелі шешімдер қабылдауға түрткі болып, басылым авторларын қудалауға әкелмеуі тиіс.