Наразылық акцияларындағы журналистер. Оқиғалар шежіресі 4-10 қаңтар. Толықтырулар
5 қаңтар
Алматы. Қаңтардың 4-інен 5-іне қараған түні Байтұрсынов көшесі мен Абай даңғылының қиылысында наразылықты жариялау кезінде AFP фотографы Руслан Пряников көліктің астына түсті. Оның айтуынша, бұл бақытсыз жағдай болды. Наразылық білдірушілер ол жерден кездейсоқ өтіп бара жатқан көлікке шабуыл жасады, жүргізуші қорқып, газды күрт басып жіберді, ал фотограф оның жолында тұрған. Зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді, аяғы сынған.
Алматы. Арнайы жасақтың жауынгерлері бір топ адамға оқ атқан түнде Алматыдағы Республика алаңына жақын жерде Orda.kz-тің тілшісі және редакторы Бағдат Асылбек ұсталды. Көп ұзамай қолдарында қалқандары мен сойылдары бар екі жауынгер журналистке жақындаған. Бағдат Асылбек заң талаптарына сәйкес киінгеніне (көк кеудешеде), сондай-ақ қызметтік куәлігін көрсеткеніне қарамастан, күш қызметкерлері оны екі жағынан ұстап алып, автокөлікке апарып, сол жерге итеріп мінгізеді. Автобуста күш қызметкерлері журналистен телефонды алып, жазылған бейнелерді жоймақшы болды. Сондай-ақ, олар журналистен жеке куәлігі мен қызметтік куәлігін алып алған, «осында отыр» деп бұйырады. Бағдат Асылбек бірден құжаттары мен телефонын қайтаруды талап етіп, олардың соңынан бірнеше минут жүреді. Ұзақ дау-дамайдан кейін Бағдат Асылбектің көшеден кетуі шартымен жауынгерлер құжаттары мен телефондарын қайтарды.
Орал. Полиция «Уральская неделяның», тілшісі Серік Есеновты қала орталығында әскери көліктерді видеоға түсіріп жатқан кезде ұстады. Оны Абай аудандық полиция бөліміне жеткізіп, түсірілген кадрларды өшіріп тастауға тырысқан. Серік «Уральская неделяның» бас редакторы Тамара Еслямованың ұсталғаны туралы хабарлап үлгерді, ол жедел түрде қалалық ІІД баспасөз хатшысына жүгінді. Нәтижесінде түсірілген кадрлар сақталып, Есенов босатылды.
Орал. «Уральская неделяның», стажеры Есенжол Елекеновты ұстап полицияға жеткізді, онда оны үш сағат ұстады. Полиция кабинеттеріне кірер алдында ол жалпы талапқа сәйкес телефонын арнайы ұяшыққа қалдырды. Есенжол босатылғаннан кейін телефонынан барлық кадрлар өшірілгенін анықтады.
Наразылықтарды жариялау кезінде Есенжол айтарлықтай ауыр жарақат алып, ауруханаға баруға мәжбүр болды.
9 қаңтар
Ақтөбе. 23-00-де журналист Ардақ Ерубаеваның үйіне 5 адам келді. Олар полиция мен куәгерлер болған. Полицейлер тінту жүргізу туралы қаулы шығарады. Олар пәтерде тінту жүргізіп, ұялы телефонын тәркілеген. Сағат 00-00-де Ардақты полиция департаментіне жауап алу үшін алып кеткен.
Ерубаеваның «Әділ сөз» тілшісіне айтқанындай, өзінен кім ретінде жауап алынғанын түсінбейді. Тергеушіні кіммен және не үшін митингке барғаны қызықтырған.
Ардақ Ерубаева өзін облыс (Ақтөбе облысы) әкімі Оңдасын Оразалин жауап алынғандар тізіміне енгізгенін айтады.
«Мен Оңдасын Оразалиннің жұмысын жиі сынаймын. Сол күндері ол әлеуметтік желіде оның митингіге бармағаны туралы жаздым. Оның орнына бірнеше рет қала әкімі Асхат Шахаров халыққа шықты. Митингі облыс орталығымен шектелмеген, адамдар облыстың алыс аудандарында да жиналды. Менің ойымша, халыққа қала емес, облыс басшысы шығуы керек еді», - дейді ол.
10 қаңтарда 02-00-де журналист босатылып, үйіне әкелінді.
10 қаңтар
Орал. Апелляциялық сот ешқандай себепсіз журналист Лұқпан Ахмедьяровқа апелляциялық шағымды қанағаттандырудан бас тартты. Журналист Соттың 7 қаңтардағы шешіміне қарсы шықты, оған сәйкес ол санкцияланбаған митингке қатысты айыппен 10 тәулікке қамауға алынды.
Естеріңізге сала кетейік, 5 қаңтарда Лұқпан Ахмедьяровты полиция ұстап, қалалық ішкі істер бөліміне жеткізді.
- Маған бірнеше сұрақ қойылды, - деді журналист. - Мен қалалық бөлімде бірнеше сағат өткіздім. Тергеуші Бигалиев менен тыйым салынған ұйымдарға қатысу туралы сұрады. Қандай жағдайға қатысты екені белгісіз.