ЖИ дәуіріндегі құқықтық сауаттылық: Қызылордада журналистерге арналған семинар өтті

Бүгінгі журналист үшін сөзді меңгеру ғана емес, құқықтық алаңда еркін бағдарлай білу де маңызды. Дәл осы тақырыпқа 14 тамыз күні Қызылордада өткен «Заң және ЖИ — журналист үшін негізгі құқықтық қиындықтар» семинары арналды.
Семинарды «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры Нидерланд Корольдігінің Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды. Аймақтағы журналистер мен блогерлер бас қосып, мамандық алдындағы өзекті сын-тегеуріндерді талқылап, қордың заңгері Сергей Уткиннен тәжірибелік кеңестер алды.
Семинар барысында мемлекеттік немесе әлеуметтік мекемелерде түсірілімге шектеу қойылған жағдайда не істеу керек, интернеттегі жарияланымдар мен пікірлерге қатысты шағымдарға қалай жауап беру қажет, сондай-ақ медиаконтентте жасанды интеллектіні қолданғанда қандай жаңа сұрақтар мен тәуекелдер туындайтыны сөз болды.
Семинар мұндай білімге медиақауымдастықтың сұранысы жоғары екенін көрсетті. Құқықтық кейстерді талқылау нақты жұмыста қолдануға болатын шешімдер табуға мүмкіндік береді. «Әділ сөз» қоры алдағы уақытта да Қазақстан өңірлеріндегі журналистерге арналған осындай білім беру іс-шараларын жалғастырады.