Мен естімедім – кінәлі емеспін немесе неге Қазақстанда журналистерді қорғайтын үкім жоқ
716.kz тілшісі Оксана Матасоваға шабуыл жасау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс қайтадан тоқтатылды. Қылмыстық іс бір ай бұрын тоқтатылған, бірақ журналист бұл туралы 28 қазанда Ақмола облыстық ІІД анықтау бөлімінің бастығы Қанат Рысбаевқа хабарласқаннан кейін ғана білді.
Айта кету керек, осы уақыт аралағында Көкшетау қаласы ПБ-ның анықтаушысы Ерлан Ргебаев жәбірленушінің қоңырауларына жауап бермей, кездесуден жалтарған, бұл қазірдің өзінде заң бұзушылық болып табылады. Ол өз басшылығының бұл мәселеге қатысты пікірлерін де елемеді. Ақырында, бес айдан кейін іс жабылғаны белгілі болған. Бірақ... бұл туралы арызданушыға хабарлауды ұмытып кеткен.
Естеріңізге сала кетейік, 26 мамырда Көкшетаудағы 716.kz ақпараттық порталының тілшісі Оксана Матасова Қылшақты өзенінің жағалауын абаттандыруда балалар еңбегі заңсыз пайдаланылғаны туралы материал дайындаған болатын. Осы жұмысты ұйымдастыруға атсалысқан Руслан Хугоев деген азамат сұрақтарға жауап берудің орнына журналисті итеріп, қарғап, камерасын қағып жіберген. Сол күні тілші полицияға арыз жазды.
Ал енді құжат туралы. Неліктен іс қайтадан жабылды?
«Әділ сөздің» түсініктемесі:
Е.Ргебаев және Көкшетау қалалық ІІБ бастығы Ж.Ешімов және Көкшетау қаласы прокурорының орынбасары А.Бараев өзара келісе отырып, шабуыл туралы хаттаманы дәлел ретінде қабылдамады. ҚР Қылмыстық процессуалдық іс жүргізу кодексінің 112бабының 1-бөлігіне қайшы келеді... Ал О.Матасова жұмысын атқарып, өзі үшін видео түсірген.Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 118-бабының 1-т, 2-т сәйкес бейнежазба қылмыстық құқық бұзушылықтың ізі сақталған субъект ретінде іске қоса тіркелуі тиіс болатын. Анықтау органы бейнежазбаға монтаж және басқа да мәселелер бойынша ешқандай сараптама жүргізбеген, тіпті бірнеше ай өткен соң және прокуратураның талап-арызымен оны тәркілеген.
Анықтау органы шабуылдаушының әрекетінде қаскөйлік ниетінің бар-жоғын анықтамады. Ер адам қасақана әрекет еткені түсінікті болса да – оның алдында тұрған адам журналист екенін біліп, оның телефонын қағып түсіріп, оны оқиға орнынан итеріп қуа бастады. Осылайша кәмелетке толмағандардың заңсыз жұмысы туралы материалдың сайтта жарыққа шығуына жол бергісі келмеді.
Полиция БАҚ туралы заңның 20-бабының 4-тармағын табиғи зілзалалар аймағында, бейбіт жиналыстарда, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке мүдделерін білдірудің өзге де нысандарында журналистің жеке куәлігін көрсете отырып қатысуға құқылы екендігінтүсіндірген. Оксана өзін ауызша таныстырды, ал шабуылдаушы оны естімеді. Ал ол анықтама сұрауды білмеген көрінеді, сондықтан оның кінәсі жоқ!
О.Матасованың адвокатысотқа дейінгі тергеп-тексерудің тоқтатылғанын да білмеген және Е.Ргебаевпен күнде кездесуге әрекеттенген. Ол 1 қазанда тергеушінің әрекетсіздігі туралы прокуратураға шағым түсіріп, 18 қазанда шағымы қанағаттандырылмағаны туралы жауап алады. 28 қазанда ол шешімге қарсы Көкшетау қаласының тергеу сотына шағымданған.