Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Қарағандыда журналист Ботагөз Омарова соққыға жығылды

17 наурыз 2020

Журналист Ботагөз Омарова Қарағандыда соққыға жығылғандығы туралы КазТАГ тілшісіне хабарлады.:

«Мені ұрды. Мен Eurasia Building компаниясының ғимаратында тұрмын. Мен Таугүл ықшам ауданындағы олардың аяқталмаған құрылысының сапасы туралы журналистік зерттеу жүргіздім. Ресми сұрақ жолданды. Маған күзетші:  канцелярия жоқ, - деді. Мен:«Біреу хатты қабылдай алады ма?» - деп сұрадым. 15 минут тұрдым. Осы 15 минут ішінде «Казполиметалл» компаниясында жұмыс істейтін, жалақылары төленбеген адамдар келе бастады. Олар өздерінің проблемасын айта бастады.  Мен ұялы телефонға түсіріп, басшылық ешкіммен кездесуге шықпай ма? деп сұрадым. Сол кезде күзетші секіріп шықты да  мені көшеге сүйрей жөнелді. Менің телефоныма жармасып, мені соққылай бастады, мені қоршауға бірнеше рет ұрды».

Ботагоздың айтуынша, оқиға орнына келген  полиция қазір ғимараттың бейнекамерасынан жазба алуға тырысуда.

Күзетші мені:  «Мұнда не істеп жүрсің? - деп жаман сөздермен боқтады. Нәтижесінде ол менің ұялы телефонымды тартып алды. Келген адамдар секіріп шығып, мені қорғай бастады. Күзетші олармен  қақтығысып қалды. Қазіргі уақытта компания осы адамдарды акт залына алып кетуге шешім қабылдады. Мүмкін, олар артқы есіктен шығарылады.  Нәтижесінде  күзетшінің мені ұрғанына куә болған куәгерлер жоқ. Мұнда тек полиция ғана бар. Полиция бейнетаспадан күзетшінің мені ұрғанын көретін шығар деген жалғыз үмітім бар. Телефондағы видеоны (күзетші – КазТАГ) өшіріп тастады. Енді мен компанияның қызметкерінің пікірінше өтіріп айтып тұрмын.  Оқиғаны айтып беру үшін тілшілерді күтемін»,-деді журналист.

 

Ботагөз Омарова-Қарағандының танымал журналисі. Ол қазіргі уақытта «Қоғамдық интернет-телевидение 1101tv.kz» жобасын YouTube-те жүргізеді. Журналист Қарағанды мен Қазақстандағы түрлі оқиғаларды, наразылықтар туралы жазады.

 

«Әділ сөздің» түсініктемесі:

 

Жеке компания күзетшісінің іс-әрекетінде ҚР ҚК 158-бабында (журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау), ҚР ҚК 191-бабының 1-бөлігінде (тонау- біреудің мүлкін ашық ұрлау) көзделген қылмыстық белгілер қаралады. Күзетші салған дене жарақаттардың ауырлығына байланысты ҚР ӘҚБК 73-1-бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) немесе ҚР ӘҚБК 73-2-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартуға болады.

 

Бірінші кезекте медициналық сараптамадан өтіп, куәларды табуға тырысу керек. Арыз жазып, полицияның тергеуді жан-жақты жүргізетінін қадағалап, олардың әрбір әрекеттерін бақылауда ұстау керек. 

Өз сұрағыңызды қойыңыз