Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Жала жабу туралы заң жобасы: жақсарту мүмкін емес, тек кері қайтару керек

4 наурыз 2020

Халықаралық «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қоры «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне жала жапқаны үшін жауапкершілік мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын зерделеп, ел Президентіне Ашық хат жолдады:


«Құрметті Қасымжомарт Кемелұлы!

Қазақстанның журналистік қоғамдастығы сіздің жала жабуды қылмыссыздандыру туралы шешіміңізді қолдайды. Бұл шешімді азаматтық қоғам үлкен үмітпен күткен еді. Бұл біздің еліміздің халықаралық міндеттемелеріне сай келеді.

Алайда, ҚР Бас Прокуратурасы ұсынған «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне жала жапқаны үшін жауапкершілік мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шын мәнінде қылмыссыздандырудың орнына сөз бостандығының Конституциялық кепілдігіне нұқсан келтіретін неғұрлым қатаң шараларды ұсынады.

Заңда анықталғандай, ар-намыс дегеніміз - адамның өзіне тән қасиеттерінің ішкі өзін-өзі бағалауы, құрмет дегеніміз - бұл адамның қоғамдық бағалауы, оның рухани және әлеуметтік қасиеттерінің өлшемі. Осылайша, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетінің төмендеуі - бұл тек жеке ұғым.

Қазіргі уақытта ар-намыс пен қадір-қасиет сияқты субъективті санаттарды қорғау жөніндегі қылмыстық та, азаматтық та процестер жәбірленушінің немесе өзін осындай деп санайтын адамның өтініші бойынша ғана жүргізіледі; кінәлі судьяның шешімі бойынша зардап шеккен адамға моральдық зиянды өтейтін қандай да бір соманы төлейді. Заң жобасы құқық бұзушылықтың бұл түрін жеке-жария етеді, әкімшілік хаттамалар енгізеді және оларды жасау құқығын ішкі істер органдарына береді. Заң жобасы өте үлкен айыппұл сомасын ұсынады, бірақ зардап шегушіге моральдық зиян өтемақысын қарастырмайды. Адамдардың жеке дауларына мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын мүлдем негізсіз қолдану ұсынылады. Оған әкімшілік тәртіппен ұстау, мәжбүрлеп жеткізу және алып келу жатады.

Ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғауға қатысты жеке дауларды мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып, әкімшілік жолмен шешу мүмкін емес деп санаймыз. Сізден жала жабуды қылмыссыздандыру туралы заң жобасын әзірлеуді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына сеніп тапсыруды сұраймыз».

Егер сіз біздің ұстаныммен келіссеңіз қол қойыңыз. подписывайтесь ЗДЕСЬ

Өз сұрағыңызды қойыңыз