Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жағдайында ұлттық, діни, әлеуметтік қатынастар мәселелері бойынша білдіру еркіндігі
Зорлық–зомбылық экстремизм және лаңкестікке қарсы күрес көптеген елдердің, соның ішінде Қазақстанның жаһандық міндеті. Бұл күрестің қаруы – сөз. Майдангер Вадим Шефнер екінші дүниежүзілік соғыстан кейін: «Сөзбен өлтіруге де болады, сөзбен құтқаруға да болады, сөзбен полкті артыңнан ертіп шығаруға да болады» деп жазды. Бұл мәлімдеме қазіргі уақытта да мәнін жойған жоқ.
Адамның пікір айту бостандығын бұзбай терроризм мен экстремизмнің насихатталуына қарсы қалай күресуге болады? Сұрақ өте күрделі және көп қырлы. Мамыр айының басында біздің елімізге БҰҰ-ның лаңкестікке қарсы күрес жағдайында адам құқықтарын қорғау және көтермелеу мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Фионнуала Ни Аолэйн ханым келді.
Ол терроризмге қарсы тұру контексінде адам құқықтарының болжамды бұзылуы және негізгі бостандықтарына қатысты шектеулер туралы ақпарат жинады. БҰҰ мұндай зерттеулерді әлемнің көптеген елдерінде жүргізеді. Өйткені міндетті бостандықтар мен қажетті шектеулерді табу міндеті барлық демократиялық елдер үшін өзекті.
ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығының ғалымдары тәуелсіз зерттеушілермен бірлесіп жасаған әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік - топтық немесе діни алауыздықты зерттеу бойынша сараптамалық зерттеудің әдістемесі бұл лаңкестікпен күрес саясатына оң үлес қосу болып табылады.
БАҚ бостандығы қолдау жөніндегі ЕҚЫҰ кеңсесінің, Нидерланд Корольдігінің Қазақстандағы Елшілігінің, Сорос-Қазақстан қоры және Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің қолдауы арқасында әдіснаманы мұқият және толық жасауға мүмкіндік болды. Ол нақты ғалым-құқықтанушы, лингвист, дінтанушылардың жаңа әзірлемелеріне негізделген. Оны пайдалану даулы мақалалардың сараптамалық зерттеулерін барынша объективті етеді. Тергеушілерге, адвокаттарға және судьяларға көмекші құрал. Құқық қорғау, сот және қоғамдық тәжірибе, діни, ұлттық және әлеуметтік келіспеушіліктерді қоздыратын ғылыми негізделген критерий ауызша экстремизммен күресте маңызды құрал бола алады. Этносаралық, дінаралық қатынастардың әлеуметтік маңызды тақырыптары бойынша пікір білдіру бостандығын, әлеуметтік үйлесімділік пен әлеуметтік тұрақтылықты нығайтады .