Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Құқық қорғаушылар еліміздің жоғары лауазымды тұлғаларына журналистерді қорғау туралы үндеу жолдады

28 наурыз 2019

Қазақстандық тоғыз үкіметтік емес ұйым ел басшылығына журналистерге қатысты заңсыздықты тоқтату туралы үндеу жолдады. Үндеу ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевқа, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Р.К.Қасымовқа, ҚР Бас прокуроры Г.Д.Нұрдәулетовке, ҚР Ішкі істер министрі Е.З.Тұрғымбаевқа және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.А.Абаевқа жолданған. Жолдауда:

 

«Біз сіздерден азаматтардың пікір білдіру бостандығы мен журналистердің кәсіби қызметімен айналысу құқығына қатысты болатын заңсыздықты тоқтатуды талап етеміз.

 

1.2019 жылы 22 наурызда Астана қаласындағы «Шапағат» сауда үйінің жанында астананың атауын өзгертуге қатысты адамдардың ұстанымы туралы репортажды жазу кезінде жас адамдар тобы - «Настоящее время» - Азат Еуропа/Азаттық радиосының телевизиялық жобасы журналистерінің жұмысына кедергі келтірген. Осы оқиғаға орай журналист Светлана Глушкова ҚР Қылмыстық кодексінің 158-бабына сәйкес бақылаушы полицейлерге жүгінген, алайда олар ешқандай заңды шара қолданбаған. Журналистердің жұмысына кедергі келтірген топтағы қыздың арызы бойынша Светлана Глушкованы полиция қызметкерлері ұстап, полиция бөліміне жеткізген. Бірақ кейін айыптау Әкімшілік кодекстің 73-2-бабына өзгертілді. Бұл фактілерге Светлана Глушкованың әріптестері куәгер болған.

https://rus.azattyq.org/a/29835923.html

 

2.Сол күні Алматыда Панфилов жаяу жүргіншілер бульварында  белгісіз жастар сол әдістерді қолдана отырып, «Настоящее время» түсіру тобына бейне түсірілім жүргізуге кедергі жасауға тырысқан. Жақын маңда жүрген ішкі істер қызметкерлері құқық бұзушыларға ешқандай шара қолданбаған.

 

3.21наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің жанында бір топ тұлғалар Астананың атын өзгерту туралы өз пікірін білдірген қала тұрғындарымен «Настоящее время» журналистерінің түсірілімін өткізбеуге кедергі келтірген.

 

4.11 наурыз 2019 жылы Жаңаөзенде полиция қызметкерлері «Азаттық» радиосы қазақ редакциясының  репортері -  Сәния Тойкенді ұстады. Оқиға кешкі уақытта кафеден шыққанда болған. Таңертең Сәния Тойкенге Жаңаөзен қаласының әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабын бұзған «полиция қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау» деген айып тағылды.

http://www.adilsoz.kz/news/show/id/2886

 

5.Бұған дейін, 12 ақпан күні Астанада көп балалы аналармен сұхбат жүргізген Сәния Тойкен полиция бөлімшесіне себепсіз жеткізілген еді. Онда журналиспен жарты сағат шамасында қылмыстық іздестіру бөлімінің бастығы Данияр Әділов әңгімелесіп, одан кейін босатылған болатын.

https://rus.azattyq.org/a/29765946.html .

 

6.27 ақпан 2019 жылы полицейлер Сәния Тойкен мен оператор Санат Нұрбекті Жаңаөзенде ұстады. Күш қолданып облыс орталығы - Ақтау қаласына  жеткізді. 

https://www.svoboda.org/a/29793555.html Оларға белгісіз адамның арызы негізінде ҚР ҚК-нің 174-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, журналист болашақта ұлтаралық араздықты тудыруы мүмкін деп мәлімдеген.

 

7.Осыған ұқсас айып наурызда «Азаттық» радиосының Алматы бюросының басшысы Қуанышбек Қаридің атына да  айтылды. Оны «шұғыл түрде» әкімдікке шақырған, онда қалалық билік пен прокуратура өкілдері БАҚ-ты «саяси оқиғаларды бір жақты жариялауда» және «араздықты қоздыруда» деп айыптаған.

https://rus.azattyq.org/a/29837072.html

 

8.27 ақпанда Алға аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінің бас редакторы Шара Тұрмағамбетоваға оның үйінің кіреберісінде шабуыл жасалды. Бас редактор шабуылды кәсіби қызметімен және өзінің белсенді азаматтық ұстанымымен байланыстырады. Алайда ол полицияға кінәсіз адамдарға зиянын тигізбеуі үшін жүгінбеген. Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметі «Алға ПБ-нің тексеру іс-шаралары жүргізілгенін және куәгерлердің айтуы бойынша, Ш. Тұрмағамбетова 27 ақпанда өз үйінің кіреберісінде абайсызда құлап, бет жарақатын алды» деген хабарлама тарттты.

http://www.adilsoz.kz/news/show/id/2865

 

Мұндай фактілерді тізіп жаза беруге болады. 3 қаңтар күні Ақтөбе облыстық сотының ғимаратының алдында «Азаттық» радиосының тілшісі Жаңагүл Жүрсін ұсталды, Астанада Үкімет ғимаратының алдында наразылық білдірушілердің түсірілімі кезінде осы радионың тілшілері Өркен Жоямерген мен оператор Ержан Әмірханов ұсталды.

 

Біз, өз өкілеттігіміздің шеңберінде, аталған оқиғалардың мән-жайларын зерттей отырып, оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына қарсы деп санаймыз, оның 20-бабы сөз бостандығын, цензураның қылмыстық нысанын және еліміздің халықаралық міндеттемелерін, ұлттық заңнамасын демонстрациялық түрде жариялайды. Тәуелсіз БАҚ пен жалпы журналистиканы қоғамдық институт ретінде беделін түсірудің жиілеп келе жатқан әрекеттері қоғамда құқықтық цинизм мен заңсыздық екпелері бар, бұл елдің тұрақты демократиялық дамуына елеулі қауіп төндіруі мүмкін.

 

-       Ішкі істер министрлігі келтірілген жағдайлардың әрқайсысын объективті түрде тексеруге және журналистердің кәсіби құқықтарының бұзылуына кінәлілерді жазалауға және бұл туралы жұртшылықты хабардар етуге тиіс;

-       Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі заңсыздықтың құрбаны болған журналистерге құқықтық және жария қолдау көрсетуі тиіс;

-        Бас прокуратура пікір білдіру бостандығын заңсыз шектеудің және журналистің кәсіби қызметіне кедергі келтірудің әрбір жағдайын қатаң бақылауға алуы тиіс», деп санаймыз.

 

Үндеуге «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғаудың халықаралық қорының президенті Калеева Т.М., Қазақстан Журналистер Одағының Басқарма Төрағасы С. Матаев, «Адам құқықтары хартиясы» ҚҚ атқарушы директоры Ж.Тұрмағамбетова, Адам құқықтары жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюросының директоры Жовтис Е.А., «MediaNet» халықаралық журналистика орталығының директоры, Братцев И.А., «Сот журналистердің лигасы» ҚҚ президенті С.Мәулетбай, «Ар Рух.Хак» ҚҚ президенті Б.А. Төреғожина, «Халықаралық Құқықтық бастама» ҚҚ президенті Шорманбаева А.С., «Либерти» ҚҚ президенті Ағелеуов Г.Е., «Қадыр-Қасиет» ҮЕҰ директоры А.Ибраева қол қойған.

 

 

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз