Журналистика бюрократияға емес, қоғамға қызмет етуі керек
Бүгін таңертең Алматыда «Сөз бостандығының құқықтық шеңбері: кеше, бүгін, ертең» атты дөңгелек үстел өтті. Жиында журналистерді аккредитациялау ережелеріне өзгерістер енгізу жобасы талқыға түсті. Бұл жоба Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде дүниеге келген, бірақ жаңадан құрылған Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінінің өнімі болмақ.
Бас қосуға келген 50 журналис жиында бұл ереженің ақпарат алу және тарату құқығын шектейтінін бір ауыздан жан-жақты дәлелдеп берді. Басқа станның өкілдері, атап айтқанда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Комиссаров Михаил Александрович және «Талдау және ақпарат орталығы» РМК директорының бірінші орынбасары Шайкен Мақажан ұсыныстардың жаман емес екеніне, журналистер оларды әлі де түсіне алмай жатқанына және оны жақсартуға болатынын айтып сендіруге тырысты.
Талқылау қорытындысы бойынша қарар қабылданды. Ресми құрылымдардың өкілдері дауласпады (аз бола тұра), тек Михаил Александрович «қайтыс болған Ақпарат және коммуникациялар министрлігі» - деп тым өрескел айтпай жұмсарту керек. Жаңа дүниеге келген уәкілетті мемлекеттік органға жіберетін мәтінде де үйреншікті тілектерді жұмсартамыз. Келіскендер қолын қойсын және өздері жіберсін. Қарардың алғашқы түрін жариялаймыз, деді.
Айта кетерлігі, дөңгелек үстел кезінде министрліктің БАҚ туралы заңды жетілдіруді қалай жоспарлайтынын білдік және бұл ақпарат бізді таң қалдырды. Ол туралы – келесі хабарламада, ал қазір қарар мәтіні:
«Біз «Сөз бостандығының құқықтық шеңбері: кеше, бүгін, ертең» атты дөңгелек үстелге қатысушылар пікір білдіру, ақпарат алу және тарату еркіндігіне конституциялық құқықты іске асырудағы отандық жағдайды талдап, сөз бостандығы деңгейі бойынша Қазақстанның көрсеткіші төмен екенін мойындауға мәжбүрміз.
Қазақстан ақпаратқа қол жеткізу туралы заңы нашар 15 елдің қатарына енді. Сөз бостандығы рейтингісінде 180-нен 158-ші орынға ие болды. Интернет еркіндігі рейтингісінде еркін емес елдерге жатқызылған. «Әділ сөз» қоры сөз бостандығын бұзу мониторингісінде жыл сайын кәсіби қызметіне байланысты журналистер мен БАҚ-қа қарсы қозғалған ондаған қылмыстық және азаматтық сот істерін тіркейді. Журналистерді қоғамдық маңызды оқиғаларды жариялау кезінде ұстайды, олардың сұрауларына жауап көбінесе жазбаша болады. Шындықты жедел және толық көрсетуге жаңа кедергілер жасалады. Ал журналистиканың миссиясы неде?
Өкінішке орай, осыдан үш жыл бұрын құрылған журналистік қауымдастықтың Ақпарат және коммуникациялар министрлігі одақтасы емес қарсыласы болды. Мемлекеттік тапсырыс қаражатын бөлудің құпиялылығы тұрғысынан алғанда, министрлік БАҚ-қа қадағалауды күшейтетін және оларды жазалау мүмкіндігін кеңейтетін құжаттардың тұтас сериясын шығарды. БАҚ туралы заңға енгізілген өзгерістер 2017 жылдың соңында ақпаратқа қол жеткізу жағдайын және журналистік тергеу мүмкіндігін айтарлықтай нашарлатты. Жыл сайын тәуелсіз басылымдар жабылады, журналистер өз кәсібінде жұмыс істеу құқығынан айырылады.
Министрліктің аккредитациялау ережесіне ұсынған өзгертулері, шын мәнінде, журналистерді шенеуніктердің қызметшісіне айналдыруға бағытталған. Министрліктің бұрын уәде берген бұқаралық ақпарат құралдары туралы жаңа заң бойынша жұмыс қоғамның қатысуынсыз жүргізілуде және оның алғашқы нәтижелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жағдайында біздің қоғамға мүлдем қарсы көрсетілімдер болып табылады.
Біз дөңгелек үстелге қатысушылар қалыптасқан жағдайды талқылап, сөз бостандығын конституциялық шектеуге қарсы өз наразылығымызды білдіреміз.
Біз-заңмен шектелмеген кез келген ақпаратты еркін алу және таратуды қолдаймыз.
Қоғамның білуге, сынауға және талқылауға құқығы бар.
Бюрократиялық кедергілер жойылсын! Журналистика бюрократияға емес, қоғамға қызмет етуі керек.
«Аккредиттеу ережесін өзгерту туралы» Ақпарат және коммуникациялар министрлігі бұйрығының реакциялық жобасын қабылдамауды талап етеміз.
Жаңа ақпараттық заңнамаға оны құрудың барлық кезеңдерінде ашық, алқалы және жария жұмысты қамтамасыз етуді талап етеміз».