Әкімшілік заңды өзінше түсіне ме?
Ақпанның 6-сы күні, өрттен көз жұмған 5 баланың өлімінен кейін бір топ тұрғын Алматы қаласы әкімшілігіне келіп, әлеуметтік жағдайы төмен көп балалы отбасылардың мәселесін шешуді талап етті. Олармен бірге әкімшілік ғимаратына «31 канал» журналисі Жарас Ниязбек пен «Азаттық» радиосының тілшісі Асылхан Мамашұлы әкімдік ғимаратына кіреді.
Алайда, оларға болған оқиғаны түсіруге мүмкіндік берілмеді. Жиналғандардың талап еткендеріне қарамастан әкімшілік қызметкерлері «31 канал» мен «Азаттық» радиосының журналисін ғимараттан шығарып жіберген.
Жарас Ниязбектің айтуынша, журналистерді шығарып жіберудің инициаторы әкімнің орынбасары Ерлан Әукенов бір күн бұрын аккредитациядан өту керектігін айтқан. Журналистердің даусы сол жерде жүрген әкімдіктің баспасөз хатшысы Тимур Базарбаевқа жетпеген.
Журналистер жиынның қатысушыларын 4 сағат күткен.
Асылхан Мамашұлы, Facebook-тағы өзінің парақшасында: «Менің әріптесім Өркен Жоямерген Астанадағы Конгресс-холл ғимаратындағы көп балалы аналардың кездесуін тікелей эфирге шығарды, әкімшілік бұған ешқандай наразылық білдірген жоқ. Неге көзқарас әртүрлі? Әлде әр қалада бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң әртүрлі түсіндіріледі ме? Болмаса әр шенеуніктің қалтасында БАҚ туралы өз заңдары бар ма?» деп жазды.
Бүгін «Әділ сөз» қорының тілшісіне Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі ондай аккредитациядан өту деген жоқ деп хабарлады. Жұмыс былай реттеледі екен: бұқаралық ақпарат құралдарына шақыру қағаздары мен пресс-релиздер жіберіледі. Осы шақыру алған БАҚ өкілдерінің барлығы кедергісіз әкімдік ұйымдастырған іс-шараларға қатысып, тарата алады.
Кешегі кездесу азаматтық қоғам белсенділерінің бастамасымен өтті. Бұл әкімдіктің журналистердің құқықтарын бұзуы керек деген сөз емес.