Сізді кім және қалай тексереді?
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар, Ұлттық экономика министрліктерінің «Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағының және тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» бірлескен бұйрығы ел журналистерін алаңдатып отыр. Бұл таңқалатын жағдай емес. Біз Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен қандай жақсылық күтеміз? Осыған дейін айтылғанындай, құжатты түсіну мүмкін емес.
Кейбір құжаттардың іскерлік тілін, мағынасын түсіндіріп беретін біздер заңгерлер біліміміз бен ақыл-парасатымызды, біршама уақытымызды жұмсап бұл құжаттың мағынасын былай түсіндік.
Біріншіден, бұл құжаттың «аяғы» Кәсіпкерлік кодексінен өседі. Онда тәуекелдің анықтамасы беріледі: «Бақылау және қадағалау субъектісінің қызметі нәтижесінде адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне оның салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, зиян келтіру ықтималдылығы тәуекел болып табылады». БАҚ-тың әлеуетті зияндылығын төмендету мақсатында журналисттерді мазалаған бұйрық шығарылған.
Субъектілерді, объектілерді қадағалаудың, бақылаудың, тәуекел және оның критерийлерінің, жоспардан тыс тексерулердің, және басқа да бақылаудың көмегімен БАҚ-ты тексереді! Заң бұзушылықтар тәуекелінің жоғары дәрежесіне мерзімді басылымдардың, ақпараттық агенттіктерінің, желілік басылымдардың және интернет-ресурстардың меншік иелері жатады, олар барынша мұқият тексеріледі. (Қауіпті нысандар тізбесінен теледидар мен радио түсіп қалды. Қателік орын алса, уақыт өте келе жеке бұйрыққа ие бола ма?). Таралымы 5-10 мың дана болатын мерзімді басылымдардың зияны желілік ақпарат агенттіктері мен блогерлерден артық болуы мүмкін бе? Бұны риторикалық дәрежеге жатқызамыз.
Тексеру, бақылау және қадағалау мұқият регламенттеледі. Тексеру субъектіге (объектіге) бару - бұл жоғары тәуекел дәрежесі бар субъектілерге (объектілерге) арналған. Мерзімді БАҚ иесіне бару онлайн-жарияланымдар мен интернет-ресурстардың иелеріне қарағанда әлдеқайда жеңіл! Оларды табуға тырысыңыз! Осы себепті мерзімді БАҚ «таратуға» тап бола ма?
(Тіл және логика нормаларына сәйкес, «объект» тексерілетін нәрсе, «субъект» тексеруші болып табылады, бірақ объектілердің әдеттен тыс синонимдік сериясын түсіндірмей қалдырамыз).
Тексерушілер қандай зиянның алдын алады? Ол үшін заң бұзушылықтың арнайы үш түрлі дәрежесі әзірленді: өрескел, елеулі, елеусіз. Тәртіп бұзушылықты қалай саралауға болатынын анықтау үшін тексерушілер тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу тәртібін пайдалануы және математикалық факультет түлектерінің күшінде болатын формулаларды пайдалануы тиіс.
Біздің арамызда ондайлар жоқ. (Мүмкін, олар Ақпарат министрлігінің аумақтық бөлімшелерінде бар шығар. Өткен жылы бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңға енгізілген өзгертулерді заңдастырғаны тегін емес). Егер сіздің айналаңызда ондайлар жоқ болса, өкінбеңіз, - барлығы тексеру парақтарынан анық көрініп тұрады. БАҚ туралы заңның формальды талаптарын елеусіз бұзу, осы заңның тыйым салуын бұзу – қатаң тексеруге іліну, алкогольді жарнамалау және т. б. - «бақылау субъектісіне (объектісіне) бару мен алдын алу бақылауынан» құтыла алмайсыз.
Қысқаша айтқанда, әріптестер, сақ болыңыздар. Сонда сізге жеңілдететін индикаторлар түрінде адал бақылау және қадағалау субъектілерін көтермелеу қағидасы қолданылуы мүмкін
Бұйрықтың бірқатар ережелерінің заңдылығына қатысты бізде елеулі күмән бар. Біз оларды Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне бөлек хатпен жеткіземіз және бұл туралы міндетті түрде жариялаймыз.