Аралар келіп жатыр немесе араның үйірі әрекетке көшкенде
Автор: Анни Гейм
Жамал Хашоггидің өлімін халыққа ақиқатты тануға жол бермейтініне, өз әрекеттеріне қол сұғылмайтынына сенген адамдар жүзеге асырды. Неліктен олар өздерін осылай еркін сезінеді? Биыл бесінші жыл атап өтілген журналистерге қарсы қылмыс үшін жазаланбауды тоқтатудың халықаралық күні мұндай қылмыстарды жасаған адамдар сирек жауапқа тартылады деп айтуға болады.
Жамал Хашоггидің өлімін халыққа ақиқатты тануға жол бермейтініне, өз әрекеттеріне қол сұғылмайтынына сенген адамдар жүзеге асырды. Неліктен олар өздерін осылай еркін сезінеді? Биыл бесінші жыл атап өтілген журналистерге қарсы қылмыс үшін жазаланбауды тоқтатудың халықаралық күні мұндай қылмыстарды жасаған адамдар сирек жауапқа тартылады деп айтуға болады.
Қарашаның 2-сі журналистерге қарсы қылмыс үшін жазаланбауды тоқтатудың халықаралық күні. Ал Сауд Арабиясының белгілі журналисі Жамал Хашоггидің өлімі туралы ақпарат жаңалықтарда таралды.
Оның өлтірілгені анық болды. Оны жасыруға әрекеттер жасалды. Бұл өздеріне қол сұғылмайтынына сенетін адамдардың іс-әрекеті. Неліктен олар өздерін осылай сезінеді? Көп жағдайда журналистерді өлтіру жағдайында қылмыскерлер жауапқа өте сирек тартылады.
Алайда, Хашоггидің өлімі ерекше оқиға болуы мүмкін. Егер бұлай болса, бұқаралық ақпарат құралдарында болған оқиғаның салдарына көп назар аударып, қоғамда осы оқиға қатысты аттары қоғамға таныс емес адамдардың есімдерінің аталуына күш салу керек.
Осыдан 26 жыл бұрын құрылған IFEX желісі арқылы біз қажетті шараларды қабылдап, белгілі бір нәтижеге жету үшін барлық қадамдарды жасаймыз. Бұл біздің қызметіміз, яғни адамдардың сөз бостандығына деген құқығын қорғау, ол деген - адамдардың өз ой-пікірлерін еркін және қорқынышсыз білдіру құқығы. Жантүршігерлік оқиғалар орын алып жатқанда біз күш біріктіріп, адам өлтірушілерді жауапқа тарттыруға тырысамыз.
Өкінішке орай, соңғы уақытта мұндай жантүршігерлік оқиғалар көбейіп барады. Жыл сайын ЮНЕСКО түрлі елдерде өлтірілген журналистердің тізімін жариялайды. Осы мақаланың жазылған сәтінде 2018 жылғы тізімде өлтірілген 86 журналистің есімі аталады.
Осы 86 әйел мен ер адамның есімдерінің артында - олардың күйеуі, әйелі, балалары мен достарының есімдері тұрғанын ескерген жөн. Олардың кейінгі өмірі ешқашан бұрынғыдай болмайды. Осы қайғылы тізімге журналистердің әріптестерінің есімдерін қосыңыз, олар күнделікті жұмысында күрделі де қиын шешім қабылдап, өз өмірі мен жақындарының өмірін қатерге тігіге отырып, қызметін жалғастырады.
Қылмыс жасағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға тырысқандар туралы, қоршаған ортаны өзгертуге ұмтылатын адамдар туралы ойлайық. Алайда, жазасыздық етек алуда. Адам құқықтарын қорғаушылар, белсенділер, адвокаттар, тіпті кейбір саясаткерлер, әлемдегі мыңдаған адамдар біз көппіз. Тіпті кейде үміт жоқ болса да, тақырыпқа көңіл бөлінбейді және жаңалықтарда жарық көрмейді.
Журналистерге қарсы қылмыс үшін жазаланбаудың халықаралық күнінде біз осы мақсатқа бірлескен күш-жігерді жұмсайтын барлық адамдарға алғысымызды білдіреміз. Оларды біріктіруді жалғастыра отырып, тауларды алға жылжыта аламыз.
Біз журналистерге қарсы зорлық-зомбылықты қорғауды жалғастырамыз - Колумбия журналисі Джинет Бедойя Лима (Jineth Bedoya Lima), Камбоджаның белсендісі және тележүргізуші Кем Лей (Kem Ley), Бахрейн фотожурналисі Ахмед Исмаил Хассан (Ahmed Ismail Hassan), Пәкістанның тілшісі Шан Дахар (Shan Dahar), Гамбиялық редактор Мұса Саидихан (Musa Saidykhan) мен сол елден шыққан журналист Эбрима Манне (Ebrima Manneh), мальталық журналис-зерттеуші Дафна Каруана Гализия (Daphne Caruana Galizia) және тағы басқалар бар.
Табандылық өз жемісін беріп жатқанынан көріп отырмыз. Біз Бедойя Лима ісінің кінәлілерінің түрмеге қамалғанын көрдік. Манненің отбасына өтемақы төленді. 2014 жылғы парагвайлық журналис Пабло Мединаны өлтіруге кім тапсырыс бергені, Парагвайдағы климатқа назар аударту үшін Латын Америкасы мен Кариб теңізінде (IFEXALC) IFEX желісі ұйымдастырған кең ауқымды науқаннан кейін кінәлі табылды. Парагвайда алғаш рет журналистке шабуыл жасауды бұйырған адам осы қылмыс үшін сотталды.
Хашоггидің өліміне дейін Эр-Риядта орналасқан тролль фермасынан басты мақсаты - Сауд Арабиясындағы барлық диссиденттердің дауысын басу болды. Журналистің соңғы әрекеттерінің бірі - интернеттегі осы троллдерге қарсы күрес жүргізетін волонтерлардың «әскерін» қолдау болды.
Бұл күрескерлер өздерін «электрондық аралар» деп атайды және қайтыс боларынан он бір күн бұрын Хашогги Твиттерде «аралар келіп жатыр» деп жазды.
Бұл «электрондық аралардың» міндеттері мен мақсатты ортақ, жауынгерлері көп, құжынаған бал арасының бейнесі. Бізге қауіп төндіргісі келгендер немесе заң бұзғандар оны естуі тиіс деген!
Анни Гейм IFEX-тің атқарушы директоры, ұйымның негізгі міндеті - адам құқығы туралы пікір білдіру бостандығын қорғау. Қатысушы ұйымдардың толық тізімі IFEX веб-сайтында.