Алауыздық па әлде пікір ме?
Қазір алауыздықты қоздыру бойынша кезекті сот. Айыпталушы «Вконтакте» желісінде бес рет бөліскен. Айыптаушы бұл адамзаттың қауіпсіздігі мен тыныштығына қарсы ауыр қылмыс дейді.
Қазір алауыздықты қоздыру бойынша кезекті сот. Айыпталушы «Вконтакте» желісінде бес рет бөліскен. Бұны айыптаушы адамзаттың қауіпсіздігі мен тыныштығына қарсы ауыр қылмыс дейді. Бір сарапшы айыпталушының бөліскен материалында діни алауыздықты қоздыру белгілерін көрген.
Тағы бір сарапшы автор жас әрі білімсіз адамдарға Қазақстан аумағында тиым салынған дұшпандық мақсаттағы ИГИЛ туралы ақпарат берді дейді.
Неге бір мәселеге сарапшылар қарама-қарсы тұжырымдар жасайды? Бұған бірқатар жанама және субъективті себептерден басқа, негізгі – сараптамалық зерттеулердің бірыңғай әдістемесінің болмауы. Ол қандай болуы керек? Бүгінгі дөңгелек үстелде Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығының мамандары, тәуелсіз зерттеушілер, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары мен адвокаттар осы мәселені талқылады.
Дөңгелек үстел "Араздықты тұтату белгілерін сараптамалық зерттеу: әдістеме жобасын талқылаймыз" – "Қазақстандағы ұлттық, діни, әлеуметтік қатынастар мәселелері бойынша білдіру еркіндігін ілгерілету"жобасын іске асырудың кезекті кезеңі деп аталады. Оны Нидерланды Корольдігінің ЕҚЫҰ-дағы миссиясы, Сорос-Қазақстан қоры, Қазақстандағы Нидерланды корольдігінің елшілігі, Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қолдауымен "Әділ сөз" қоры ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығымен әріптестікте жүргізеді.
Бұл іс-шараның тақырыбы тым күрделі болғандықтан, баспасөз баяны болғанның өзінде түсіну қиын болғандықтан бірінші отырысқа журналистерді шақырған жоқпыз. Бірақ әдістеменің тұсаукесерінде әріптестермен міндетті түрде көрісетін боламыз!