Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Жоғарғы Сот қандай заңның қолданылуын түсіндірді?

25 қазан 2018

Қыркүйектің 10-ы күні  "Әділ сөз" қоры ҚР Жоғарғы Сотына 2017 жылғы  қазанның 6-сындағы №7 "соттардың Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің Ерекше бөлімінің нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы" нормативтік қаулы бойынша сауал жолдады. Атап айтқанда, "бұқаралық іс-шараны өткізуге рұқсат алғанға дейін оны ұйымдастырушы, сондай-ақ өзге де тұлғалар бұқаралық ақпарат құралдарында, интернетте немесе өзге де ақпараттық желілерде оның өткізілетін күні, орны мен уақыты туралы жариялауға, осы мақсатта парақшалар, плакаттар және өзге де осындай материалдарды дайындауға және таратуға құқығы жоқ. Осы талапты бұзғанда ұйымдастырушы ҚР ӘҚБК 488-бабының үшінші бөлігі бойынша жария іс-шараны ұйымдастыру тәртібін бұзғаны үшін жауапқа тартылады".

Бірақ  "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" заң тыйым салмайды, ал ҚР ӘҚБК 488-бабы оны өткізуге рұқсат алғанға дейін алдағы митинг туралы ақпаратты тарату үшін әкімшілік жауапкершілік белгілемейді!

Сондықтан да біз нормативтік қаулының авторынан яғни ҚР Жоғарғы Сотынан сұрадық:

1.Қолданыстағы заңнама қандай нақты норманы түсіндіреді/түсініктеме береді?2017 ж. 06 қазандағы ЖС нормативтік қаулысының 16-тармағы?

 

3.Неге алдағы митинг туралы ақпаратты тарату бойынша іс-әрекеттер оны өткізуге рұқсат алғанға дейін ҚР ӘҚБК 488-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық ретінде саралануы тиіс?

Бұл сұрау қазанның 19-ында жіберілді, ал қазанның 25-і күні жауабы алынды. Бірқатар заңдарға сілтеме жасап, Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы А. Қыдырбаева "Жоғарғы Соттың заң нормаларын дұрыс қолдану жөніндегі ұстанымы кассациялық тәртіппен келіп түскен тараптар мен іске қатысушы адамдардың өтініші шеңберінде ғана білдірілуі мүмкін"деп жауап берді.

Бірақ біз заң нормаларын дұрыс қолдану нормаларын сұраған жоқпыз! Бізді Жоғарғы Соттың заңнамада жоқ шектеуді неге енгізгені қызықтырды?

Өз сұрағыңызды қойыңыз