Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

«Уральская неделя» газетін кімдер не үшін тергеп жатыр

20 маусым 2018

«Уральская неделя» газетінің редакторы Лұқпан Ахмедияров 19 маусымда Орал қаласы ІІД тергеу қалай өткені туралы Facebook-те жазды. Белгілі болғандай, газеттің YouTube-тегі аранасында Жана Байжанова деген біреудің халықты 23 маусымда митингке шығуға шақырған түсініктемесі тергеуге себеп болыпты. Тергеушіні бір-ақ нәрсе қызықтарған – комментарий авторын қалай табуға болады. Л. Ахмедияров тергеушіге YouTube-тің әкімшісіне хабарласуға кеңес беген.

Тергеу аяқталып қалған кезде, кабинетке жай киінген адам кіреді де, Лұқпанды басқа кабинетке «бастыққа» кіріп кетуін сұраған, ол адам Мүслім Жәрдемов екен. Журналист «ол адам шақыру қағазында көрсетілмеген» деп, бастыққа барудан бас тартқан. «Егер басқа шақыру қағазын беріп, онда сол адамның аты-жөні көрсетілсе ғана барам» дейді. Ахмедияров редакцияға келген кезде, оның үйіне және редакцияға полиция қызметкерлері келгені белгілі болады. Бірақ не Лұқпанның әйелі, не әріптестері шақыру қағазын алудан бас тартқан.

Содан кейін полиция қызметкерлері сағат 19.45-те редакцияға қайта келіп, Лұқпанға шақыру қағазын табыс етеді. Бұл жолы Ахмедияровты тергеуге Орал қаласы ІІД-нің полиция капитаны Досқалиев Бауыржан ТЕРГЕУШІ ретінде шақырған. Тергеуші Досқалиев: 10 мамырда Орал қаласында өткен митингке қатысқан оралдық зейнеткер Бакиза Халелованың үстінен қозғалған қылмыстық іс шеңберінде журналисті шақырып отырғанын хабарлаған. Лұқпан ол азаматшаны танитынын растаған, бірақ ҚР ҚІЖК-ға (УПК) сәйкес, сағат 20-дан кейін жұмыс уақыты аяқталатындықтан, тергеу амалдарын тоқтату керектігін айтады. Журналист алайда ІІД ғимаратынан шыға алмайды. Бауыржан Досқалиев мекеменің есіктерін жауып тастауға және Ахмедияровты шығармауға бұйрық беріпті. Бірнеше минуттан соң, Орал қаласы ІІД-нің жергілікті полиция қызметі (ЖПҚ – МПС) басшысы Данияр Рақышев оқиға орнына – қолында бейне камерасы бар криминалиспен, прокурормен және қалалық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Ербол Көшековпен бірге келеді. Прокурор журналиске ҚДТ (ДВК) партиясы Есіл сотының шешімімен экстремистік ұйым деп танылғандықтан, оның іс-әрекетіне қатысуға, оны қолдауға болмайтынын түсіндіретін заңды оқып берді. Содан кейін Ахмедияровтан «егер митинг болса, сіз оған барасыз ба?» деп сұрайды. Лұқпан журналист ретінде оқиғаның қалай өтетіні туралы хабар тарату үшін міндетті түрде баратынын айтады және Қылмыстық кодексте «Журналистің кәсіби қызметіне кедергі келтіру» деген баптың бар екенін, сондай-ақ 23 маусымда алаңда оны журналист ретінде полиция ұстайтын болса, ол қылмыс болып саналатынын ескертеді.

Ахмедияров осы әңгімеден соң үйіне қайтайын дегенде, оның көлігінің шығатын жолында полиция машинасы тұрғанын көреді. Лұқпан бірден МАИ-ді шақырады, сол кезде ғана полициялық «Ниваның» қожайындары тез табылып, олар дереу жолды босатады. Артынан журналиске МАИ-ден телефон соғып, жол ережесін бұзған адамға хаттама толтырылып, айыппұл салынғанын айтады.

Сондай-ақ«Уральская неделя» газетінің шығарушысы Тамара Еслямова, журналистер Рауль Упоров пен Азаттық радиосының тілшісі Санат Урналиев те тергеледі. Мария Мельниковаға да тергеуге шақырған қағаз жіберіледі.



«Әділ сөздің» түсініктемесі:

Сирек кездесетін жағымды жаңалық: «Уральская неделяның» редакторы өзінің азаматтық және кәсіби құқықтарын біледі және оларды қорғай алады. Ал өз құқықтарын ұмытып қалғандардың есіне сала кетейік, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР заңының 20-бабы 4-тармағында: «журналистiң куәлiгiн көрсету арқылы дүлей апаттар болған аудандарда, митингiлер мен демонстрацияларда, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен наразылықтарды өзге де бiлдiру нысандарына қатысуға құқы бар» деп жазылған. Бірақ Лұқпан Ахмедияров сілтеме жасаған Қылмыстық кодекстің бабы (жаңа ҚК-де ол 158-бап, ал 1998 жылы қабылданған ескі ҚК-де ол 155-бап) – осы заң қабылданғалы бері әлі бірде бір рет қолданылып көрген жоқ. Алайда журналистер сол баптың көмегімен өзінің құқықтарын қорғауға тырысып көрген.







Өз сұрағыңызды қойыңыз