Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Еркі режимдегі тыйым салынған объект

15 маусым 2018

Шымкен қаласының қаңғыбас жануарларды уақытша ұстайтын және залалсыздандаратын орталық мекеме орналасқан аумаққа 14маусымда Шымкенттің TVK телеарнасының түсіру тобын кіргізбей қойған. Оған тапқан сылтаулары да үйреншікті: «басшылық орнында жоқ, сондықтан рұқсат бере алмаймыз. Біз қарапайым жұмысшылармыз». Итін жоғалтып алған қыз әрең дегенде ішке кіріп, жануарларды ұстайтын қаумалды көру мүмкіндігіне ие болды. Ал бейне камералар мен смартфондар ұстаған журналистер - күзетшілер қатарынан өте алмады. Енді оңтүстіктің тұрғындары қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша ұстайтын және залалсыздандаратын қалалық мекеме қоршауының ар жағында не болып жатқанын біле алмайтын болды.   

«Әділ сөздің» түсініктемесі:

Біздің елде тек баспанаға қол сұғылмайды (ҚР Конституциясының 25-бабы). «Мемлекеттік құпиялар туралы» заң бойынша да тек ерекше режимді, жай режимді және айрықша қорғалатын объектілерге кіруге толық немесе ішінара шектеу қойылуы мүмкін. Ондай объектілерге, мысалы, әскери бөлімдер, түрмелер және т.б. объектілер жатады. Оларды жоғарыда айтылған режимдердің біріне жатқызу құқығы – мемлекеттік өкілеттігі бар органның құзырына жатады. Қарапайым тілмен айтқанда, біздің жағдайымызда қаңғыбас жануарларды уақытша ұстайтын және залалсыздандаратын мекемеге қорғалатын объекті мәртебелерінің бірі берілмесе, онда ол мекемеге кіруге шектеу қойылмауы тиіс.

Журналистер мен азаматтарды қаңғыбас жануарларды ұстайтын орталыққа кіргізбеу – «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңды бұзу болып табылады, атап айтқанда, осы заңның 6-бабы 10-тармағында: «республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражаттың жұмсалуын бақылауға қол жеткізу – шектелуге жатпайды» деп көрсетілген.

Ал аталмыш мекеме бюджет ақшасына қаржыландырылады және ол қаражатты мекеме иесі тендерде ұтады. Сондықтан орталық жекеменшік немесе мемлекеттік ұйым болса да, оған кіруге ешкім шектеу қоя алмайды.

Егер жануардың иесі өзінің жеке куәлігін, жануардың ветеринарлық паспортын және жануарды ұстауға жұмсаған шығынын төлегені туралы арызын көрсетсе, онда мекеме жануарды иесіне қайтаруға міндетті (Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылы 29 маусымда бекітілген шешімі, № 3/32-Y1: «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды Оңтүстік Қазақстан облысы қалалары мен басқа да елді мекендерде ұстау және көзін жою туралы Ережелері» 24-тармақ).

Айтпақшы, Қаңғыбас жануарларды ұстау және көзін жою ережелерін бұзғаны үшін 20 АЕК-ке (МРП) дейін әкімшілік айыппұл салу түрінде жауапкершілік қарастырылған (ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы).

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз