Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Халықаралық сөз бостандығы күнін қандай «жетістіктермен» қарсы алып жатырмыз

3 мамыр 2018

1994 жылдан бері Дүниежүзілік сөз бостандығы күні жыл сайын 3 мамырда атап өтіліп келеді. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бұл күнді атап өту туралы арнайы қарарды 1993 жылы 20 желтоқсанда қабылдады (Қарар №A/DEC/48/432).

Биыл дүние жүзі бойынша 32 журналисті өлтірді деп хабарлады Халықаралық журналистер федерациясы Дүниежүзілік сөз бостандығы күні қарсаңында және ол ұйым жер шары үкіметтерін сөз бостандығын қорғауға қатысты өздеріне міндеттемелер алуға шақырды.  

Құдайға шүкір, журналистерді өлтіру оқиғаларының Қазақстанға қатысы жоқ. Бірақ бізде көптен бері ақырын және жүйелі түрде журналистика мамандығын өлтіріп келеді. Мысалы, жыл басынан бері «Әділ сөз» қоры мынандай оқиғаларды тіркеді:

Сөз бостандығы туралы заңнамаға жазалау өзгерістерін енгізу – 1

Қамауға алу, тұтқындау, соттау және бас бостандығынан айыру – 9    

Журналистерді қорқыту – 2

БАҚ-ты жабу/шығуын тоқтату – 1

БАҚредакцияларында тінту жүргізу – 2

Журналистердің заңды кәсіби жұмысына кедергілер келтіру – 5 

Қылмыстық жолмен қудалау және айыптау – 15, оның ішінде сот арқылы – 10 рет, айыптау үкімі – 4 рет шықты

БАҚ пен журналистерге азаматтық-құқықтық талаптар қою – 22

Оның ішінде ар-намыс пен іскерлік беделді қорғауға қатысты арыздар мен талаптар – 17

БАҚ-тарға талап қойғандар: мемлекеттік қызметкерлер – 6, заңды тұлғалар – 3, азаматтар – 7

Шыққан сот шешімдері – 21

Ақпаратқа қол жеткізу құқығының бұзылуы – 51  

 

Біздің межелер

«БАҚ-тардың тәуелсіз деп аталу себебі – оларға ешкім тәуелді емес» (Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың мәдениет қызметкерлерімен өткізген кеңесінде сөйлеген сөзінен, 18 ақпан 2000 ж.)

«Біздің болашақ гүлденуіміз – бүгін құрып жатқан азаматтық қоғамның барлық институттары үйлесе жұмыс істемесе мүмкін емес. Бұл процесте ең маңызды рөлдердің бірі – БАҚ-тардың еншісінде» (Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың республика журналистерінің II Конгресіне жолдаған құттықтауынан, 7 ақпан 2003 ж.)

«Жемқорлықпен күресте ең қуатты құрал – жариялылық. Егер БАҚ-тар бұл туралы белсенді түрде айтып жүрсе және олардың әрбір хабары тексеріліп отырса, онда біз бұл күресте үлкен табыстарға жетеміз» (Н. Назарбаевтың БАҚ өкілдеріне берген сұхбатынан, 17 наурыз 2017 ж.)

«Белгілі бір аудандағы ұсақ-түйек кемшілікті көріп қалады да, ол туралы бүкіл әлемге жар салады. Бізде ондай баспасөздер бар. Мысалы, шығыста су тасқыны болып еді, «бүкіл Қазақстан суға батып жатыр» деп елдің бәрін дүрліктірді. Мұндай мәселеде сақ болу керек, сондай ақпарат таратқан адамды, ол қайда жүрсе де, орнына қою қажет» (Н. Назарбаевтың Қазақстан Халқы ассамблеясының XXVI сессиясында айтқан сөзінен, 28 сәуір 2018 ж.)

 

Сонымен, сөз бостандығы мерекесімен!

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз