Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Human Rights Watch – Ratel.kz мен Forbes Kazakhstan-ға қатысты мәлімдеме жасады

13 сәуір 2018

(Брюссель) –2018 жылы30 наурыздаҚазақстанда«көпе-көрінеу жалған ақпарат таратты» деген айыппен екі тәуелсіз, танымал БАҚ-тың үстінен қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Хьюман Райтс Вотч.

2 сәуірде полиция төрт журналисті тергеп, «Forbes Қазақстан» журналының және Ratel.kz ақпараттық-талдау порталының редакцияларында тінту жүргізген. Тінтулер, сондай-ақ, осы қылмыстық іске қатыстары деп саналатын бірнеше журналистің пәтерлерінде және Ratel.kz-ның қайтыс болған қызметкерінің пәтерінде де жүргізіледі. Прокурордың дербес талабы бойынша Алматы соты 30 наурызда Ratel.kz порталын және онымен байланысты сайттарды бұғаттау туралы ұйғарым шығарады.

«Қазақстан билігі бірден тінту жүргізіп, «Forbes Қазақстан» мен Ratel.kz-ның материалдарын тәркілеуге кіріскен, бірақ осы басылымдардың қызметкерлеріне тағылған қылмыстық айыптар әлі жұмбақ болып қалып отыр, - дейді Хьюман Райтс Вотч-тың Орталық Азия бойынша зерттеушісі Мира Ритман. - «Forbes Қазақстан» мен Ratel.kz-ны диффамация (біреуді масқаралайтын мәліметті жариялау) үшін тез және оңай жауапқа тартуы – Қазақстанда БАҚ бостандығы қаншылықты әлсіз екенін көрсетеді».

Қазақстан Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактінің мүшесі болып табылады және бұл елдің басшылығы «біздің мемлекетте баспасөз бостандығы бар» деп бірнеше рет мәлімдеген болатын. Алайда іс жүзінде журналистерге «жала жапты, ар-намысқа тиді» деген айыптар жиі тағылып, олар қылмыстық қудалауға ұшырап және оларға өте ірі көлемде айыппұлдар салынып жүр.

2 сәуірде Алматы қаласы Ішкі істер департаменті: бизнесмен және экс-қаржы министрі Зейнұлла Кәкімжанов ««Forbes Қазақстан» мен Ratel.kz жалған мәліметтер таратып, менің іскерлік беделіме нұқсан келтірді» деген арызы бойынша 30 наурызда қылмыстық іс қозғалды деп баспасөзге хабарлады. 2016 жылдың желтоқсан айында З. Кәкімжанов осы ақпарат ресурстарын азаматтық сотқа беріп, істі жеңіп шыққан болатын.

«Forbes Қазақстан» и Ratel.kz редакцияларында компьютерлер мен құжаттар тәркіленді. Жергілікті ақпараттық хабарларда және Facebook-тегі журналистердің түсініктемелерінде полиция екі ресурстың қызметкерлерінің қолына тінту жүргізуге рұқсат беретін ордердің көшірмесін беруден бас тартқан немесе оны суретке түсіруге тыйым салған.

Сонымен бірге «Forbes Қазақстан» журналы бас редакторының орынбасары Александр Воротилов және Ratel.kz-ның бас редакторы Марат Әсіповтің және оның орынбасары Сапа Мекебаевтың, сондай-ақ, портал журналистері Анна Калашникова мен 2017 жылы желтоқсанда қайтыс болған Геннадий Бендицкийдің пәтерлерінде де тінту жүргізілген.

2 сәуірде «Forbes Қазақстанның» бас редакторы Асқар Әукенов Facebook-тегі парақшасында: «тінту амалдары сағат 12:30-да басталып 15:00-ге дейін жүргізілді және хаттама толтырумен аяқталды, сондай-ақ, [Воротиловтың] процессорын, жұмыс блокноттары мен флешкаларын және, неге екені белгісіз, Сашаның банктік карталарын да алып кетті» - деп жазды.

Воротиловтың әйелі Татьяна Шумилина Хьюман Райтс Вотч-ке: 2 сәуірде сағат 13:00 пен 14:00-дің аралығында үйіне төрт полиция қызметкері тінту жүргізу үшін келгенін айтып беріді. «Оар өздерін әдепті ұстады, бірақ хаттаманың көшірмесін тастаған жоқ» деді. Олар, сондай-ақ,Т. Шумилинаның да банктік карталары мен мобильді телефонын алып кетіпті.

2 сәуірде Ratel.kz журналисі Вадим Борейко Facebook-те: Бендицкийдің жесірінің сөздерінің негізінде Бендицкийдің пәтерінде де тінту жүргенін айтып берді. Төрт полиция қызметкері төрт компьютерді, екі жүздей аудиокассеталарды, ескі бейне кассеталар мен CD-дискілерді, сондай-ақ, wi-fi роутер-ді алып кеткенін хабарлады. Жесір әйелдің айтуынша, оған тіпті адвокатқа телефон соғуға рұқсат бермепті.

2 сәуірде тергеу амалдарын жүргізу үшін «Forbes Қазақстаннан» Воротиловты, ал Ratel.kz-дан Әсіповті, Мекебаевты және Калашникованы полицияға жеткізген. Журналистер әріптестерінің Facebook-те қалдырған жазбалары бойынша, оларды 21:00-ге таяу босатқан, бірақ бәрінен жарияламау туралы қолхат алған. Сондай-ақ, олар бұл істе куәгерлер ретінде өтетінін хабарлаған, «алайда қорғаушы алуға құқықтарыңыз бар» деген. 4 сәуірде қосымша тергеуден кейін Әсіповтің мәртебесі «күдікті» болып өзгертілген. 

3 сәуірде Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың түсініктемесі БАҚ-тарда жарияланды: «30 наурыз күні ІІД-ге Кәкімжанов мырзадан арыз түсті. Ол ratel.kz порталы мен Forbes Қазақстан журналында жалған ақпарат тарауына байланысты шаралар қабылдауды сұраған. Аталған арыз сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіміне енгізілді. ҚР ҚК 274-бабы 3-тармағы бойынша тергеу басталды", - деді ол.

ҚР ҚК 274-бабы 3-тармағы бойынша (көпе көрінеу жалған ақпарат тарату) жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

2017 жылы қаңтарда Алматыда Зейнұлла Кәкімжанов пен оның ұлы Ильхалидтің Ratel.kz порталына және оның журналистері Әсіпов, Бендицкий, Мекебаевқа және ортақ жауапкер ретінде «Forbes Қазақстан» мен Воротиловке қарсы берген азаматтық талап-арызы бойынша сот басталған болатын. Талапкерлер 2016 жылдың мамыр – желтоқсан айларында жарияланған мақалалар топтамасын «Кәкімжановтардың іскерлік беделіне нұқсан келтіреді» деп, олардың мазмұнын жоққа шығаруды талап еткен.

Хьюман Райтс Вотч хабарлағандай, сөз бостандығын қорғайтын «Әділ сөз» қорының жетекшісі Тамара Калеева: «біздің заңгерлер барлық 10 мақаланы зерттеп шығып, олардан диффамацияның белгілерін таба алмады» деп мәлімдеген болатын. Алайда сот сарапшылардың қорытындысын іске қоса тіркеуден бас тартты.

2017 жылы сәуірде сот талапкерлердің арызын қанағаттандырып, жауапкерлерге 50,2 млн теңге (шамамен, 158 000 USD) өтемақы төлеуді және мақалаларды сайттардан алып тастауды, сондай-ақ жоққа шығаруды жариялауды міндеттеді.

Жауапкерлер мұндай шешіммен келіспей, шағымдануға тырысып көрді, бірақ одан еш нәтиже шықпады. «Forbes Қазақстанның» бір қызметкері бізге хабарлағандай, олардың басылымы сот талаптарының бәрін орындаған.

Ratel.kz порталы «біз нақты қандай мәліметтерді алып тастауымыз керек?» деп бірінші сатыдағы соттан түсініктеме беруді сұрайды. Бірақ ол жақтан жауап болмаған соң, Ratel.kz редакциясы материалдарды сайттан алмайды және жоққа шығаруды да жарияламайды.

Кәкімжанов 2 сәуірде Facebook-те өзінің полицияға арыз бергенін былай түсіндіреді: «Сот шешіміне қарамастан, кейбір БАҚ-тар мен олардың авторлары сот шешімін орындамай, бұрынғыдай мақалалар жариялап жүр».

30 наурызда Алматының Медеу аудандық соты Ratel.kz сайтын және оның қосалқы порталы Balborsyk.kz-ны бұғаттау туралы, сондай-ақ Әсіповке портал атынан кез келген материалды жариялауға тыйым салатын ұйғарым шығарды. Содан бері осы порталдың сайты және онымен байланысты адрестер ашылмай тұр.

5 сәуірде сотқа дейінгі тыңдаулардан (әңгімелесу) кейін В. Борейко Facebook арқылы «аудандық прокурор өзінің талабында «Интернеттің қазақстандық сегменті кеңістігінде домендік аттарды тіркеу, пайдалану және бөлу ережелері нормалары бұзылғанына» сілтеме жасайды. Әңгімелесуге ешбір бақылаушы жіберілген жоқ. Келесі тыңдаулар 10 сәуірге белгіленді» деп хабарлаған.

2016 жылы шілде айында Қазақстан Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакті қалай орындап жатқаны туралы есеп бергенде, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Комитеті өзінің қорытынды ескертулерінде: заңнамалар мен оларды қолдану практикасына алаңдаушылық білдіріп, «олар сөз бостандығы мен оны жүзеге асыру құқығын бұзып отыр, соның ішінде: (а) сөз бостандығы құқығын жүзеге асырып жүрген адамдарға қылмыстық заңнаманы кең мағынада қолданып жүр, соның ішінде ... «көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы да бар» деп көрсеткен болатын. Комитет ҚР үкіметіне «жала жабуды қылмыс деп танымауға және қылмыстық заңнаманы өте салмақты себеп болғанда ғана қолдану мүмкіндігін қарастыруға» кеңес берген еді.

«Қазақстанда сөз бостандығы бұзылып жүрген жоқ деп мәлімдеме жасап жүрген ҚР билігі – соған бәрінің көзін жеткізу үшін жала жабу бабын қылмыстық кодекстен алып тастауы керек және өзінің кәсіби қызметін атқарып жүрген журналистерді қудалау үшін диффамацияның кез келген нормасын қолдануға тыйым салынуы қажет, - дейді Мира Ритман. – Бүгінгі күні «Forbes Қазақстан» мен Ratel.kz-ның айналасында қалыптасқан жағдай – тәуелсіз ақпараттық ресурстармен тағы да есеп айырылысуға тырысқан әрекетке өте қатты ұқсап тұр».   

 

 

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз